5.3 C
Shymkent
7 ноября, 2025
adilettv

Шымкентте ұлттық бұйымдар насихатталды!

Шымкент қаласы креативті индустрия ассоциациясымен бірлескен арнайы жәрмеңке өтті. Аталған шараға мегаполис кәсіпкерлері қатысып қала тұрғындарына өз өнімдерін ұсынды. Толығырақ алдағы бейнематериалда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында креативті индустрияны экономиканы өркендететін, халықты жұмыспен қамтуға ықпал етуге бағытталған сала екенін атап өткен еді. Аталған бағыт бойынша елімізде бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Соның бірі Шымкент қаласында да ұйымдастырылды. Мәселен жәрмеңкеге қатысушылар арасында Гүлнұр Сейітханқызы да бар. Ол қыш-құмыра бұйымдарын жасаумен айналысып жүргеніне 10 жылға жуық уақыт болғанын айтады. Сондай-ақ, ұлттық құндылығымызды дәріптеуде бұл саланың маңызы зор екенін атап өтті. Республика бойынша халық саны көп шоғырланған Шымкент қаласында креативті индустрияны дамытуға ерекше ден қойылған. Қалалық креативті индустрия ассосациясы 2022 жылдан бері кәсіпкерлермен бірлесіп жұмыс жасап, бірқатар маңызды жобаларды іске асырып келеді. Соның бірі Арбат демалыс саябағында өтті. Жәрмеңке барысында шаһар кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынып, қала тұрғындарына ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын бұйымдарды таныстырып өтті.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АКАДЕМИК Ә.ҚУАТБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНЕ 25 ЖЫЛ!

AdiletTV

ЗАҢДАР БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫНА КЕДЕРГІ КЕЛТІРМЕУІ ТИІС

AdiletTV

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРГЕ ҚҰРМЕТ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз