22.3 C
Shymkent
19 сентября, 2024
Ақпарат

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ РОМАН СКЛЯРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Президентке индустриялық жобаларды жүзеге асыру және отандық тауар өндірушілерді қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берілді. Роман Склярдың айтуынша, бірінші жартыжылдықта өндеу өнеркәсібі 105,1 пайызға, машина жасау саласы 9,4 пайызға, ал тау-кен және металлургия кешені 8,3 пайызға өскен.
Сонымен қатар Мемлекет басшысына мұнай және газ құбырларын салумен, газ өңдеу зауыттары мен мұнай химиясы өндірісін іске қосумен байланысты жобалардың орындалу барысы таныстырылды. Жыл басынан бері 44,7 миллион тонна мұнай мен газ конденсаты, сондай-ақ 30 миллиард текше метр газ өндірілген. Осы жылдың соңына дейін 128 елді мекенге газ құбыры жүргізіліп, көгілдір отынмен қамтамасыз ету деңгейі 61,8 пайызға жетеді. Бұдан бөлек көлік және энергетика салаларындағы жаңа инфрақұрылымдық жобалар жөнінде баяндалды. Президент қабылданып жатқан шаралардың маңызды екеніне назар аударып, аталған бағыттар бойынша жұмысты одан әрі жалғастыруды тапсырды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖЕТІСАЙДА ОБЛЫС ӘКІМІ ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

AdiletTV

Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы

AdiletTV

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУДІ ЖҮКТЕДІ

Пікір қалдырыңыз