Ақпарат

Атыраудағы мұнай компаниясына 13,6 млрд теңге айыппұл салынды

Өндірілген айыппұл Ұлттық қорға аударылды. Атырау облыстық прокуратурасының мәліметінше, табиғатты қорғау саласының басым бағыты – қауіпті қалдықтар айналымына тұрақты қадағалау жүргізу.
«Мәселен, «Каспий нефть» АҚ-ның 2021-2022 жылдары бұрғылау және кен орнын пайдалану кезінде 4500 тоннадан астам қауіпті қалдықтарға жинақталу лимитін алмағаны анықталды. Прокурордың ұсынысын қарау нәтижесі бойынша Атырау облыстық сотының сот алқасының 2 шілдедегі қаулысымен «Каспий нефть» АҚ ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 13 684 868 730 теңге айыппұл салынды», – деп хабарлады облыстық прокуратурадан.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

КЕЛЕСТІК КӘСІПКЕР ҚЫТАЙ САПАРЫНАН СОҢ ЦЕХ АШТЫ

AdiletTV

ПАЙДАСЫНАН ЗИЯНЫ КӨП ПИЛОТТЫҚ ЖОБА

AdiletTV

Ақтөбеде 73 жастағы зейнеткер әйелін емханаға арқасына алып апаруға мәжбүр болды

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз