Әлем жаңалықтары(Основная Рубрика)

Ұлыбританияда наразылыққа шыққандар қонақ үйге шабуыл жасады

Ұлыбританияда наразылыққа шыққандар пана іздеушілер орналасқан екінші Holiday Inn қонақ үйіне шабуыл жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Sky News-ке сілтеме жасап.
Стаффордшир полициясы бір топ адам қонақүйдің терезелерін сындырып, өрт шығаруға тырысқанын, полиция қызметкерлеріне шабуыл жасағанын хабарлады. Қонақ үйдің ішінде болған адамдардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, деп мәлімдеді аймақ полициясы. Қалада тәртіпсіздіктер тоқтады.
Осыған дейін тәртіпсіздіктерге қатысқандар мигранттар тұрған Ротеремдегі Holiday Inn қонақ үйіне шабуыл жасаған. Олар ғимаратты өртеп, терезелерді сындыруға тырысты. Полиция наразылыққа шыққандарды қонақ үйден қуып жіберген. Оқиға салдарынан кем дегенде 10 офицер зардап шекті. Ұлыбританияда мигранттарға қарсы наразылықтар Саутпорттағы балалар би студиясына жасалған шабуылдан үш қыз баланың өлімінен кейін басталды. Полиция 17 жастағы шабуылдаушы Ұлыбританияда дүниеге келгенін хабарлады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Франция Ресейге Олимпиада ойындары кезінде Украинадағы атысты тоқтатуды ұсынады

admin

Кейт Миддлтоннан қатерлі ісік анықталды

admin

Сауд Арабиясының королі Газадағы «қатыгездіктерге» жауап берді

admin

Пікір қалдырыңыз