Ақпарат

Албаниядағы орман өрті басылар емес

24kz.-тің мәліметі бойынша, екі аптадан аса уақыт өтсе де, мамандар әлі күнге дейін орман өртін сөндіре алмай жатыр.

Өз кезегінде Қытай лай көшкінінің зардабымен күресуде. Құтқару жұмысына жүздеген маман тартылған. Албанияда орман өртеніп жатыр. Тілсіз жау жүздеген гектар алқапты күлге айналдырған. Әсіресе Либражд, Грамши, Химара мен Конисполи аймақтарындағы жағдай күрделі. Сондықтан аталған өңірлерге 300-дей маман жіберілген. Ондаған техника тартылған. Қызыл жалынды тезірек ауыздықтау үшін тікұшақ та қолданылып жатыр.

Бірақ оған аймақтағы аптап пен екпінді жел кедергі келтіріп тұр, — дейді өрт сөндірушілер.

Жергілікті полиция орманға қасақана өрт қойды деген күдікпен 5 адамды қамауға алды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Дағыстанда белгісіз біреулер православ шіркеуі мен синагогаға шабуыл жасады

AdiletTV

«NOEXTREMISM, NOTERRORISM» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясындағы сөзі басталды

Пікір қалдырыңыз