Алматы облысы Талғар ауданының әкімдігі аймақтағы тауларға демалысқа шығуға тыйым салды.
Себебі Талғар өзенінің бассейнінде жиналған су тасуы мүмкін, – деп хабарлады әкімдік.
Аудан әкімдігінің мәліметіне сәйкес, Алматы облысының таулы аудандарында температураның жоғарылауы, мұздықтардың қарқынды еруі және мореналық-мұздық көлдердің толуы, өзен арналарында ағын күшейіп, сел жүруі мүмкін.
Талғар өзенінің бассейніндегі №19 көл және оның солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде жиналған су жағалауды жырып ағуы мүмкін. Фондық бағалау әдістемесіне сүйене отырып, сел ағындарын болжау бойынша мұздық көлдің серпілісі осы жылдың 6 тамызынан басталуы ықтимал. Осыған байланысты Талғар ауданының тұрғындары, қонақтары және демалушылар мен туристерге Талғар қаласының басында орналасқан гидротехникалық қондырғыдан асып тауға, демалыс орындарына шығуға тыйым салынған, – деп хабарлады әкімдіктен.
Сонымен қатар Талғар өзені арнасына жақын орналасқан тұрғын үй иелеріне және жергілікті халыққа үнемі әлеуметтік желілерге, теледидар және радиобайланыс желілеріне назар аудару керек екені ескертілді.