10.3 C
Shymkent
15 октября, 2025
Ақпарат

Үндістан мен Бангладеш арасындағы шекара қауіпсіздігі күшейді

Үндістан Бангладешпен арадағы шекарада қауіпсіздікті күшейтті. Көрші елге теміржол қатынасы да тоқтады. Бұған жаппай бүліктің шығуы себеп. Тақауда Бангладеш билігі мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде квоталарды алып тастаған. Бұған тұрғындар қарсы шығып, соңы ереуіл мен қақтығысқа ұласты. Кеше наразы топ премьер-министрдің резиденциясына басып кірді. Осыдан кейін саясаткер отставка жариялап, елден кеткен. Енді елді уақытша үкімет басқарады. Ішкі істер министрлігі бүлік кезінде 150-ге жуық адамның опат болғанын айтады. Бірақ жергілікті ақпарат көздері құрбандар саны 200-ден асып кетті деп хабарлайды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

10 МЫҢ ХАЛЫҚ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ

AdiletTV

ТЖМ ескертеді! Құрғақ шөпті өртемеңіз, қазір алғашқы көжектер ұйықтап жатыр

AdiletTV

ҚАЛА ІРГЕСІНДЕГІ ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ ӨРТЕНДІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз