Полицейлер Ақтөбедегі бес оқушы мен үш ересек адам қаза тапқан жантүршігерлік апатқа не себеп болғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Күдікті MAN көлігінің жүргізушісі, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
7 тамызда 8 адам, оның ішінде 5 кәмелетке толмаған бала қайтқан жол-көлік оқиғасына қатысты 2 және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.
Күдікті MAN көлігінің жүргізушісі, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Сонымен қатар Полиция департаментімен абайсызда кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соқтырған балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталып, барлық жауапты тұлғаларға құқықтық баға беріледі. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды», — деп хабарлады Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол апаты оқиғасы 7 тамызда Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы Самара-Шымкент тасжолының 862-шақырымында болған.