Шетелдің энергетика саласындағы сарапшылары атом электр стансасының қоршаған ортаға ешқандай зияны жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Швейцарияның ядролық құқық жөніндегі кеңесшісі, ядролық энергетика инженері Лука Таглиапиетра энергия тапшы заманда ешкімге тәуелді болмау керек екенін айтады.
Әлем көмірқышқыл газының мөлшерін азайтуға тырысып жатыр. Бұл ретте атом электр станцияларының маңызы зор. Адамдарды радиация, радиоактивті заттардың ауаға тарауы тәрізді қауіптер алаңдатады. Алайда бұл заттар тек атом электр станциясының ішінде болады, сыртқа шықпайды. Одан келетір қауіп жоқ. Ал кездейсоқ тарайтын жағдай бола қалса, жүйе өздігінен автоматты түрде жабылады. Стансалар жылдар бойы сынақтан өткен қауіпсіздік шараларының негізінде жұмыс істейтінін атап өткім келеді. Атом электр станциялары көмірқышқыл газы мен түрлі ілеспе газдарды ауаға шығармайды. Экологиялық жағынан тиімді. Бізге энергия қажет. Бұл орайда елді жеткілікті қуатпен қамтамасыз ету үшін қауіпсіз деп танылған жаңартылатын энергия көздеріне қоса, атом энергиясын пайдалану маңызды. Бұл әр мемлекеттің алдында тұрған мақсат екен атап өткеніміз жөн,- деді ядролық энергетика инженері, ядролық құқық жөніндегі кеңесші Лука Таглиапиетра.
АҚШ-тың энергетика саласында жұмыс істейтін сарапшылары заманауи қазандықтар барлық сынақтан өткенін. Бұзылу, жарылу қаупі мүлде жоқ екенін айтты. Соңғы жылдардың статистикасына сүйенсек, атом станцияларына қарағанда мұнай, газ, химия зауыттарында, шахталарда апаттар жиірек болады.
Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік құрылыс жоспарланған сәттен бастап сол елмен тығыз жұмыс істейді. Әлемдік стандарттардан ауытқуға жол да берілмейді. Себебі мұндай нысандардағы ең басты мақсат — қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету. Сондай-ақ Атом электр станциялары операторларының дүниежүзілік қауымдастығы деген ұйым бар. Ол өндірістегі қауіпсіздіктің сақталуын бақылайды. Әлемдегі озық тәжірибелермен бөліседі. Осылайша бүгінде әлем бойынша жұмыс істеп тұрған станциялардың барлығ бір деңгейде әрі қауіпсіз жұмыс істеп тұр деп айтуға болады,- деді атом энергетикасы саласының сарапшысы Элина Теплински.