11.3 C
Shymkent
14 октября, 2025
adilettv

«Мұндайға қарсымын»: Дана Нұржігіт Олимпиададағы спортшылар туралы айтты

Отандық танымал журналист Дана Нұржігіт Париж Олимпиадасында жеңілген спортшыларға қолдау білдірді.
Экс-сенатор олардың жарыс жолында жеңіліп қалғаны үшін кешірім сұраулары дұрыс емес екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
“Сыртта жүріп, қолдан келгенше еңбек еткен азаматтардың үлкен басын кішірейтіп, кешірім сұратуды қою керек. Бұл – популизм. Елге оралғанда кеткен қатені іскерлік ортада сауатты талқылау деген болады. Мынау өз азаматтарымызды тұқырту, жігерін құм қылу! Мұндайға қарсымын”, – деп жазды журналист.
Айта кетсек, бокстан Қазақстанның бас бапкері Париждегі сәтсіз нәтиже үшін халықтан кешірім сұраған еді деп хабарлайды inbusiness.kz.
«Түсінемін, елдің, жанкүйерлердің біздің жекпе-жектерге көңілі толған жоқ. Сол үшін кешірім сұраймыз. Жалпы ешкім ұтыламын деп келген жоқ. Жігіттердің бәрі барын салып жұдырықтасты. Жақсы дайындықпен келді. Бірақ бір сәттілік жетпеді деп ойлаймын. Бізді жақтады, қорғамады демеймін. Мен ондайға үйренген емеспін. Біз бәрін өзімізден көреміз. Бұйырмай тұр, кем-кетік бар шығар. Сол себепті жеңіске жетпеген шығармыз», – деген болатын бас бапкер.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Устройство «Кибер-Шериф» для обеспечения безопасности дорожного движения работает по 5 направлениям в городе Шымкент.

AdiletTV

Город Шымкент: Полицейские УПР Енбекши провели день открытых дверей.

AdiletTV

Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз