Қылмыс

Қылмыстық кодекстің әртүрлі баптары бойынша 150-ден астам криминалитет өкілдері жауапқа тартылды

Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шаралар қабылдап келеді. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басшылық ету және қатысу фактілері бойынша биыл 36 қылмыстық іс тіркелген.Оның ішінде үшеуі трансұлттық топтар.Оларды қаржыландыру және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактілері тергеліп жатыр.
Қылмыстық кодекстің әртүрлі баптары бойынша 150-ден астам криминалитет өкілдері жауапқа тартылды.Қаржы мониторингі агенттігімен бірге ұйымдасқан қылмыстық топтарды қаржыландыруға және көлеңкелі экономикаға қарсы шаралар қабылданып келеді. Мемлекетке 11 млрд теңгеден астам залал келтірген құқық бұзушылықтар анықталды. 12,5 мың литр және шамамен 2 млн бума акцизсіз өнімдер, 5 тоннадан астам балық және 5 мыңнан астам ақбөкен дериваттары тәркіленді. Құрамында алтыны бар материалдарды қайта өңдеу бойынша 19 заңсыз цех жойылып, ондаған тоннадан астам кен табылды. Жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмауға ерекше назар аударылады. Мектеп, колледж және жоғары оқу орындары жастарынан ақша бопсалап, бұзақылық жасаған және қару сақтаумен айналысқан 19 топтың жолы кесілді.Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, адам саудасына және онымен байланысты құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша дәйекті жұмыс жүргізілуде. Адам саудасының 137 фактісі, оның ішінде 9 адам ұрлау және қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру жағдайлары анықталып, жолы кесілді. 5 шілдеде Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы” Заңға қол қойды, ол бұрын заңнамалық деңгейде құқық бұзушылық ретінде қарастырылмаған әрекеттер үшін жауапкершілікті көздейді. Жалпы аталған бағыттар бойынша жұмыс ведомство басшылығының ерекше бақылауында.

Бөлісу

Related posts

Семейде педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды

AdiletTV

Кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша бопсалаған Г. Сатыбалдыға қатысты іс сотқа жолданды

AdiletTV

БРАКОНЬЕРЛЕР ТОБЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ

AdiletTV

Leave a Comment