Тұрғын үйдегі өрт оқиғасы күн сайын артып келеді. Соңғы бір тәулікте өрт сөндірушілер тұрғын үй секторындағы 7 өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.Қостанай қ. — пәтерде 12 ш. м. алаңда жиһаздың жануы орын алды. Жұмыс барысында 10 адам, оның ішінде 1 бала эвакуацияланды.
Қарағанды қ. — пәтерде 4 ш. м. алаңда жиһаздың жануы орын алды. Жұмыс барысында баспалдақ маршымен 9 адам құтқарылды (оның ішінде 1 бала) және 1 адам эвакуацияланды.
Ақтөбе қаласы — пәтерде 0,5 ш. м. алаңда балкон қаптамасының жануы орын алды.
Ақмола облысы Атбасар қаласы — жеке тұрғын үйде 35 ш. м. алаңда өрт болды. ТЖД күшімен 1987 ж. т. үй иесі құтқарылды.
Қарағанды қ. — жеке тұрғын үйде 35 ш. м. алаңда өрт болды.
Алматы облысы Қаскелең қаласы — салынып жатқан 2 қабатты үйде 96 ш. м. алаңда шатырдың жануы орын алды.
Жезқазған қаласы — пәтерде 7 ш. м. алаңда жиһаздың жануы орын алды.
ТЖМ күштерімен барлық өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Осы орайда ТЖМ барлық тұрғындардан тілсіз жаудан келетін орны толмас шығынды болдырмас үшін қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауды ескертеді.