19.3 C
Shymkent
19 сентября, 2024
Ақпарат Денсаулық

Елімізде бүйрек алмастырушы терапия алатын науқастар саны артты

Елімізде диализ орталықтардың саны 130-дан асады. Ал бүйрек алмастырушы терапия алатын науқастардың саны cоңғы 3 жылда 22,5%- ға өскен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ №2 терапия бөлімшесінің нефролог дәрігері Сәрсенбай Қармақбаев мәлімдеді

Жедел және созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан науқастардың санының өсуі — ауру ерте сатысында анықталмайды. Мәселен, бүйрек алмастырушы терапия алатын науқастардың саны cоңғы 3 жылда 22,5%- ға өскен( 2021 жылы – 11320, 2022 жылы – 12546, 2023 жылы – 13869 ). Алматы қаласының өзінде диализ орталығы 19-ға жетеді. Созылмалы бүйрек ауруының 70%-нан астамы терминалды сатысында анықталып, шұғыл бүйрек алмастырушы терапияны (гемодиализ) бастауға тура келеді,- деді дәрігер.

Нефролог дәрігері Сәрсенбай Қармақбаев, жедел және созылмалы бүйрек ауруын алдын ала анықтаудың бірнеше тәсілдерін ұсынады, олар:

— Алғашқы медициналық-санитарлық көмекұйымдарында жалпы тәжірибелік дәрігерлерді нефропротекция және креатинин деңгейі белгілі бір қалыпта емес әр адамда (жасы, жынысы) жеке есептелетіндігі туралы арнайы оқыту.
— Емхана деңгейінде скрининг арқылы артериалдықгипертензия, қант диабеті, жүрек қан-тамыр ауруларыжәне отбасында созылмалы бүйрек ауру бар науқастарда бүйрек зақымдануын ерте анықтау.
— Зертханада креатинин деңгейін шумақшаныңсүзілу жылдамдығымен бірге есептеп беру.
— Мақсатты артериалдық қан қысымының 120/80 мм.сын.бағ-нан аспауын қадағалау.
— Бүйрек биопсиясын алуды қайта қолға алу.
— Генетикалық тексерулерді жүргізу.

Егер зәрдегі альбумин/креатинин арақатынасы >30 мг/г жоғары, шумақшаның сүзілу жылдамдығы 60 мл/мин/1,73м2 төмен болса, зертханалық талдауды 3 айдан кейін қайталау керек. Егер 3 айдан кейін шумақшаның сүзілу жылдамдығы әлі төмен болса зәрдегі альбумин/креатинин арақатынасы жоғары болуы сақталса, онда созылмалы бүйрек ауру диагнозы қойылып, нефролог дәрігеріне жіберіледі. Егер зәрдегі альбумин/креатинин арақатынасы 30 мг/г-ға дейін, шумақшаның сүзілу жылдамдығы 60 мл/мин/1,73м2 жоғары болса, талдаудыжылына кемінде 1 рет қайталап отыру керек,- деді Сәрсенбай Қармақбаев.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Бүгін елімізде үш қалада ауа райы нашарлайды

AdiletTV

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ҚАТЫСУМЕН АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

AdiletTV

Тәжікстанда «ұлттық мәдениетке жат» киім киюге тыйым салынды

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз