20.3 C
Shymkent
17 сентября, 2024
Соңғы жаңалықтар Спорт

Олимпиада жүлдегері Демеу Жадыраев пен екі бапкеріне автокөлік сыйға тартылды ДЕмеу

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Жетісу облысы Панфилов ауданында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевты жерлестері зор қуанышпен қарсы алды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Франциядан елге оралған бетте туған жеріне арнайы атбасын тіреген даңқты палуан Жаркент қаласының орталық алаңында халықтың ыстық ықыласына бөленді. Кездесуге мыңнан астам халық жиналды. Спортшыны қарсы алуға Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов, аудан әкімі Марат Сағымбек, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, палуан Нұрбақыт Теңізбаев, ардагерлер, жастар, жалпы аудан тұрғындары келді. Жүздесуде Социалистік Еңбек Ері Күләш Айтжанова, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Тоқтарбай Керімқұлов, спортшы Нұрбақыт Теңізбаев чемпионды Париж Олимпиадасындағы айтулы жеңісімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Тұрғындардың ықыласына бөленген Д.Жадыраев Париж төріндегі белдесу кезінде қазақстандық жанкүйерлердің, соның ішінде туған елінің ақ тілеуі өзіне күш бергенін айтып, құшақ ашып қарсы алған жерлестеріне алғыс айтты.
«Халыққа, аудан тұрғындарына ризашылығымды білдіремін. Мен көпшіліктің қолдауын үнемі сезініп келемін, сондықтан әр қадамыма жауапкершілікпен қараймын. Бұдан былай да спорттағы жолымды жалғастырып, халықтың үмітін ақтаймын деп сендіремін», — деді Д.Жадыраев.
Осы кездесуде Демеуге автокөліктің кілті сыйға тартылды. Олимпиаданың күміс жүлдегерінің алғашқы бапкері Жұмахан Тұрғамбеков пен жеке бапкері Боранбек Қоңыратовқа да автокөлік кілті табысталды. Атап өтсек, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Демеу Жадыраев 2003-2007 жылдары Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған спорт-интернатында оқыған.
Бұған дейін ол Халықаралық турнирлер мен әлем чемпионаттарының бірнеше мәрте жүлдегері болған. Спортпен айналысып жүргеніне – 20 жыл.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобы: іс жақын арада сотқа жолданады

admin

Адамдары бар автобус жер астына кетті: 2 айдан кейін опырылған жерде не болды

admin

Қос Олимпиададағы сәтсіздік: Бокстың болашағы бұлыңғыр ма?

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз