21.3 C
Shymkent
21 августа, 2025
Ақпарат

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай елге оралды

Алматы әуежайына әйелдер боксынан 50 келі салмақта жұдырықтасқан Назым Қызайбай келді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. Франция астанасында ел намысын абыроймен қорғап, көк туды көкте желбіреткен спортшыны жақындары мен жанкүйерлері, достары мен БАҚ өкілдері салтанатты түрде күтіп алды.

Жанкүйерлер Назымды шашу шашып, домбырамен ән салып, ерекше күтіп алды. Спортшылар да осындай ерекше құрметке ризашылықтарын білдірді.

Жеңіске жеткенімді енді сезініп жатырмын, халық өзі күтіп алып жатыр. Барлық жанкүйерлерге мың алғыс. Қолдаулары барлық жақтан сезіліп жатты. Бүкіл қазақ елі сенімін білдірді. Бауырларым, ата-анам, әкемнің ауылдастары да маған үлкен сенім артты. Сондай-ақ Италиялық жанкүйерлер қолдау көрсетті, — деді боксшы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

73 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқи алады

AdiletTV

Бишімбаевтың сотына Ксения Собчак келді

Шымкентте базарлардың бірінде өрт шықты

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз