0.3 C
Shymkent
22 ноября, 2024
Ақпарат

Жаңбыр, бұршақ: Ертең барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

14 тамызда еліміздің барлық өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.Ұлытау облысының батысында және солтүстігінде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, күндіз батыстан соғатын жел батыста, солтүстікте, облыс орталығында екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше жағдай сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз кей уақыттарда қатты жабыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада түнде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, орталығында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыс, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы да күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қауіпі сақталады. Қонаев қаласында 14-15 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18-23 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Төтенші өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының тауларында найзағай, күндіз солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде тауларда, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15- 20 м/с. Күндіз облыстың батысында, шөлді аудандарында 41 градус қатты ыстық күтіледі.

Шымкентте солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Бөлісу

Related posts

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ БАСТАУ АЛДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНЫП ЖАТҚАН КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІНЕ ЖЕДЕЛ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

AdiletTV

ЕЛДЕ СУ ТАСҚЫНЫНАН ҚАЗА ТАПҚАНДАР САНЫ 315-КЕ ЖЕТТІ

AdiletTV

Leave a Comment