-0.7 C
Shymkent
24 ноября, 2024
Экономика

Құрылысы бітпеген үйдің құжаттарын қалай тексеру керек – ресми нұсқаулық

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда көпқабатты үй салып жатқан 348 құрылыс компаниясының үлескердің ақшасын тартуға рұқсаты жоқ. Қазір бұл компаниялар ел аумағындағы 394 нысанның құрылысын жүргізіп жатыр. Бұл — осы 394 үйден пәтер таңдап, алдын ала ақша салған адамдар ертең сазға отырып қалуы мүмкін деген сөз. Республика бойынша ең көп рұқсатсыз салынып жатқан нысандар: Маңғыстау облысында (125 үй), Алматыда (83 үй), Атырау (37 үй), Шығыс Қазақстан (31 үй) облыстарында, Астанада (26 үй), Ақмола облысында (24 үй). Kazinform тілшісі «Қазақстан тұрғын үй Компаниясы» мамандарының кеңесі негізінде оқырманға осындай күмәнді мәмілеге ұрынбау үшін қалай әрекет ету керектігі жөнінде материал ұсынады.

Әлеуметтік желіде әлі салынып бітпеген үйлердің көз жауын алатын жарнамасы жетерлік. Бұл әсіресе жиған-тергені ипотеканың бастапқы жарнасына жетпейтін, борыш мерзімін 10-15 жылға созғанның өзінде ай сайынғы төлемі табысынан асып түсетін адамдарға тиімді жол болып көрінеді. Себебі құрылысы енді басталған пәтердің бағасы дайын пәтердің бағасынан шамамен 30 пайызға арзан шығады. Артылған аз ғана ақшасын жылжымайтын мүлікке инвестициялағысы келетіндер де үлестік құрылысқа қаражат құйып жатады. Іргетас кезінде арзан бағаға «сатып алған» пәтер ертең құрылыс бітіп, қолданысқа берілгенде ондаған пайызға қымбаттап шыға келеді. Салынған үйдің орналасқан жері неғұрлым элиталы ауданда болса, кіретін маржа да соғұрлым көбірек. Алайда, бұл жерде ескеру қажет көптеген фактордың бар екенін білген абзал.

Соңы сотқа дейін жеткен үлескерлік даулардың көптігіне қарамастан, мұндай өнімдерге сұраныстың түспей тұрғанын осындай мотивтермен байланыстыруға болады.

Сондықтан бұл жағдайға түспес үшін әрбір үлескер өз құқықтарын білуі қажет. Оның ең негізгісі – құрылысы салынып жатқан нысан бойынша үлескердің қаражатын тартуға жергілікті әкімдіктен алған рұқсаты немесе Қазақстан тұрғын үй компаниясының бірыңғай оператор ретінде берген кепілдігі болуы қажет. Қазір бұл ақпаратты тексеру өте оңай, себебі арнайы рұқсаты бар нысандардың тізімі мен нысан туралы толық ақпарат ашық түрде мына порталда жарияланып тұр. Бұл тізімді жергілікті әкімдіктер беріп отырады.

Ресурсты «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» акционерлік қоғамы әзірлеген. Аталмыш ұйымның мәліметі бойынша, ел аумағында үлескердің қаражатын таруға рұқсаты және бірыңғай оператордың кепілдігі бар 892 нысан тіркелген. Оның 703-і аяқталған, 189-сы әлі салынып жатыр. Осы салынып бітпеген 189 үйдің 41-інде «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі бар, 23-іне әкімдіктердің, ал 125-іне екінші деңгейлі банктердің арнайы рұқсаты берілген.

Ал үлескер қаржысын тартуға ешқандай рұқсаты жоқ 394 нысан салынып жатқанын сөз басында айттық. Бұл үйлерге үлескер ретінде ақша салғандар құрылыс аяқ астынан тоқтап, қолданысқа берілмей жатса, мәселені азаматтық негізде, тек сот арқылы ғана шеше алады. Өйткені әкімдік те, «ҚТК» АҚ да кепілдік бермеген.

«Жобалау-сметалық құжаттары мен үлескер ақшасын тарту рұқсатын көрсетпеген компаниядан аулақ болған дұрыс. Ондай рұқсатты жергілікті әкімдік немесе Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы беретінін айттым. Осы екі құжатты сұрау керек. Бұл құжаттар болмаса, ертең сатып алған үйіңіз салынып бітпей қалса, заң да, әкімдік те сізге көмектесе алмайды. Құқығыңыз 100 пайыз бұзылады. Әкімдікке барсаңыз құқық қорғау органдарына сілтеумен шектеледі. Өйткені әкімдік кепілдік бермеген нысанға ақша салған болып шығасыз», — дейді «ҚТК» АҚ басқарма төрағасы Алтай Күздібаев.

Сонымен Homeportal порталында мемлекет кепілдік берген үлескерлік құрылыстарды іздеу үшін мына әрекеттерді жасау керек:

1. Порталға кіргеннен кейін оң жақтағы жоғарғы бұрыштан қазақ немесе орыс тілін таңдайсыз.

Бөлісу

Leave a Comment