19.3 C
Shymkent
19 сентября, 2024
қоғам

Сыр еліндегі интернеттің сапасы сын көтермей тұр

Шалғай аймақтарды айтпағанда, қаланың қақ ортасында да интернеттің әлсіздігі кездеседі.
Ал ресми мәліметке сенсек, Қызылорда облысының интернетпен қамтылуы – 93 пайыз, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Облыс бойынша 230 елді мекен бар десек, соның 17-сі интернетке зәру. Десе де, ондағы халықтың саны 250 адамға да жетпейді.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2023-2027 жылдар аралығында «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары басталған. Мысалы, Қызылорда қаласында 5G стандартында Kcell операторының 16 базалық стансасы, Tele2 байланыс операторының 7 нүктесі жұмыс істеп тұрған көрінеді. Жыл соңына дейін 33 базалық станса орнатылу жоспарланған.

— Қызылорда облысының интернетпен қамтылуы 93 пайызды құрайды. Облыс бойынша 230 ауылдық елді мекен бар, оның 173-інде халық саны 250 адамнан астам, 57-сінде халық саны 250 адамнан кем.

Бүгінгі таңда 213 ауылдық елді мекен интернетпен қамтамасыз етілген. 173 елді мекенде 250 адамнан астам халық бар, 40 елді мекенде 250 адамнан аз халық тұрады.

Мобильді интернетпен қамтылмаған 17 шалғай ауылдық елді мекенде халқының саны 250 адамнан кем, — дейді Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Цифрлық технологиялар» бөлімінің басшысы Сәбит Ибадулла.

Ұлттық жоба аясында ауылдық елді мекендерді интернетке кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету жұмыстары да жүргізіледі.

Жоба аясында 56 елді мекеннің 171 мемлекеттік органына (25 әкімшілік, 45 білім беру, 41 аурухана, 18 балабақша, 24 кітапхана, 18 мәдениет үйі) кеңжолақты талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу жоспарланған. Жоба шеңберінде Қызылорда облысының елді мекендерін интернетке сапалы кеңжолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі «Жол картасы» бекітіліп отыр.

Шыны керек, қоғам арасында да, әлеуметтік желіде де интернет сапасына сын айтылады.

— Қызылордадан алыс ауылдарды былай қойғанда, қала орталығы саналатын Арай мөлтек ауданының кейбір жерінде мобильді интернет мүлдем ұстамайды. Кабелді интернеттің өзі «қатып» әуре-сарсаңға салады. Қалаға жақын орналасқан КБИ мөлтек ауданында да – осы жағдай. Өз басым «облыс сапалы интернетпен қамтылған» деген жауапты естісем, күлкім келеді, — дейді Қасымбек есімді қала тұрғыны.

«Жол картасы» аясында 2023-2024 жылдары «Кселл» АҚ – 21, «Кар-Тел» ЖШС (Билайн) 10 елді мекенді кеңжолақты мобильді интернетпен қамтамасыз ететінін айтады жауаптылар.

Сондай-ақ, 2023 жылы жоспарға сәйкес, «Кселл» АҚ 4 елді мекенге, «Кар-Тел» ЖШС (Билайн) 4 елді мекенге кеңжолақты мобильді интернет құрылғысын орнатпақ.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖЕТІСАЙЛЫҚ КӘСІПКЕР ӨЗ ҚАРЖЫСЫНА 50 ПӘТЕРЛІ 2 ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫП ЖАТЫР

AdiletTV

Назарбаев зияткерлік мектептері өткізген сатып алулар: 10,5 млрд теңгенің заң бұзушылықтары анықталды

AdiletTV

СҚО-да бір үйдің екі баласы өзіне қол жұмсаған

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз