16.3 C
Shymkent
20 сентября, 2024
Денсаулық

5 жылда пластикалық ота жасаушылардың үстінен 39 шағым түскен

Денсаулық сақтау министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауапта пластикалық отадан кейін түсетін шағымның басым бөлігі маммопластика саласына тиесілі екенін мәлім етті.
«Косметология бағытында медициналық лицензиясы бар 1102 клиника жұмыс істейді. Оның ішінде 238-і пластикалық хирургия, 864-і дерматокосметология бағытында.
2019 жылдан бастап 2024 жылдың 1 тоқсанына дейін республика бойынша 34 медициналық (барлық жекеменшік) медициналық ұйымға және 5 медициналық емес ұйымға (сұлулық салондары) сапасыз пластикалық ота жасалғаны үшін 39 өтініш (өлім жағдайларынсыз) келіп түскен. Оның 27-сі қаралып, тексеру жүргізілді. Бұл өтініштердің 18-і (67%) негізделген және ішінара негізделген», — деп жазады министрлік мамандары. Осы шағымдардың негізінде жалпы сомасы 1 млн теңгеден сәл асатын айыппұлдар тағайындалған. «39 өтініштің ішінен келесі қызметтерден кейінгі асқынуларға шағымдар түсті: маммопластика – 12, липосакция – 8, блефаропластика – 7, ерін пластикасы – 7, ринопластика – 3, бетке липофиллинг – 1, отопластика – 1 деп хабарлайды — KAZINFORM.
Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша 1 009 125 теңгеге 8 әкімшілік хаттамасы толтырылды», — делінген жауапта. Бұған дейін жазғанымыздай, шілде айында артық салмақтан арылу үшін ота жасатып қайтыс болған Алматы облысы тұрғынының ісі бойынша тағайындалған сот сараптамасының мерзімі ұзартылды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстанда жаппай вакцинациялау қайта басталды!

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасында АЭС бойынша жиын өтті.

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық орталық ауруханасында МӘМС төлемдері бойынша өзгерістермен таныстырылды.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз