1.3 C
Shymkent
24 ноября, 2024
Ақпарат

Ғани Бейсембаев өзін кеден қызметкерлері қалай қорқытқанын айтты

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Астанада өтіп жатқан ауыл мектептеріндегі педагогтердің республикалық форумында өзін кеден қызметкерлері қалай қорқытқанын еске алды.

«Биыл қаңтар айында Лондондағы Bett show-дан қайтып, Астана әуежайында ұшақтан түскен кезде қызық оқиғаға тап болдым. Кеден қызметінің екі адамы маған қарай жүгірді. Сәл қорқынышты болып кетті. Білмеймін ғой енді. Кеден қызметкерлері саған қарай жүгірсе, неше түрліні ойлайсың ғой. Қолыңды қайырып, ұстап алуы мүмкін дегендей. Білмеймін енді, ешқандай тәртіп бұзбаған сияқты едім… Ешқандай қылмысым да жоқ. Дегенмен, кім біледі?» — деп еске алды министр.

Айтуынша, ол оқиғаның себебін кейін барып білген.

«Әлгі екі жігіт жүгіріп келді де, күлімдеп, бір шабаданымды алып, біреуі қолтықтап, кедендік бақылаудан кезексіз өткізіп жіберді. Содан кейін барып бетіме күлді.

«Ағай, бізді таныған жоқсыз ба? Біз сіздің шәкіртіңізбіз ғой», — дейді.

Мұның өзі нағыз ұстаз бола білсең, қай жерде жүрсең де сенің шәкірттерің түрлі қызметтерде болады. Сен үнемі құрметті, қалаулы қонақ боласың. Қай қызметтің өкілін, қай мамандықтың өкілін осылай құрметтейді?

Сондықтан мұғалім деген ең ұлы қызмет екенін үнемі есте ұстаңыздар», — деді Ғани Бейсембаев.

Айта кету керек, ауыл педагогтерінің республикалық форумы аясында министр жас ұстаздарға ашық тренинг өткізіп жатыр.

Бөлісу

Related posts

Грецияда яхта жалдаған қазақстандықтар отшашу арқылы бүкіл аралды өртеп жіберді

AdiletTV

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ГФР ФЕДЕРАЛДЫҚ КАНЦЛЕРІ ОЛАФ ШОЛЬЦПЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

AdiletTV

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ДИҚАНДАР ЖАҢА ТӘСІЛМЕН МАҚТА ЕКТІ

AdiletTV

Leave a Comment