0.3 C
Shymkent
25 ноября, 2024
adilettv

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті. Жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан Қуанышбеков, партия филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев және кеңес мүшелері қатысты.
Кеңестің күн тәртібінде Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмыс барысындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың барысы қаралды. Аталған мәселе бойынша ең алдымен Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Абдуллаевтың баяндамасы тыңдалды. Ол өз сөзінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында талаптар сақталып жатқанын жеткізді.
Алайда отырыс мүшелері тарапынан қойылған сауалға мардымды жауап болмаған соң денсаулық сақтау басқармасының баяндамасы келесі жиналысқа қалдырылды. Сондай-ақ, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Коммерциялық емес акционерлік қоғам Шымкент қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Шалхар Шерімов сөз алып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысына тоқталды. Ол аталған салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты ешқандай дерек тіркелмегенін жеткізді.

Алайда, кеңес мүшелері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің кемшілігінен азаматтардың түрлі бағыттарда кедергілерге тап болып жатқанын жеткізді. Мәселен, аудан қалалардағы шаруалар міндетті сақтандыруды уақытылы төлемегендіктен банктегі есеп-шоттары бұғатталып жатқанын айтты. Алайда, сақтандыру қорына тиісті төлемді жасамаған жағдайда жоғарыда аталған мәселенің туындайтыны жөнінде алдын ала хабарланбаған.

Бөлісу

Related posts

Шымкент қаласы: Абай АПБ қарасты халық көп шоғырланатын жерлерге алаяқтық бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді.

AdiletTV

Наблюдается неуклонный рост числа сторонников АЭС – результаты трех соцопросов

AdiletTV

город Шымкент: Проводится акция «Я твой участковый инспектор»

AdiletTV

Leave a Comment