19.3 C
Shymkent
19 сентября, 2024
Денсаулық

БАЛАНЫҢ ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ ДАҒЫЛАРЫ!

Балаларымыз-еліміздің болашағы, өміріміздің жалғасы, біздің ең қымбат адамдарымыз болғандықтан, оларды әр түрлі төтенше жағдайлардан қорғау әр кімнің міндеті болып табылады.
Балаларды оқыс оқиғалардан қорғаудың басты жолы-әрқашанда балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және осы ережелерді сақтамау салдары қандай болуы мүмкін екендігін айту болып табылады.
Ордабасы аудан тұрғындарына тұрғын үйлерде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін төмендегідей қауіпсіздік ережелерін сақтауларын сұраймыз:
• Үйде мектеп жасына дейінгі балалар болса, электр құралдарын, сымдарын балалардың қолы жетпейтіндей жерде орналастыру;
• Электр құралдарын, әсіресе ұялы телефон зарядкасын тоққа қосулы қалдырмау, себебі кішкентай балалар аузына салып, тоққа түсуі мүмкін;
• Кішкентай балаларды үйде жалғыз үлкендердің қарауынсыз қалдырмау;
• Балаларға қауіпті электр құралдарымен, газ приборларымен жұмыс істеуге тыйым салу;
• Кішкене балаларға сіреңке, от жағуға рұқсат бермеу;
• Үйдегі жиһаздарды құламайтындай берік орнату;
• Көп қабатты үйлерде балалардың терезеден құлауын болдырмау үшін, терезелерге балалар өздері аша алмайтын бөгдеулер орнатыңыз;
• Балаларға үйден шыққанда, қайда кеткенін, кімге кеткенін және не үшін кеткенін ата-анаға ескерту керектігін балаларыңызға айтып отырсаңыздар;
• Балаңызды компьютерде ұзақ уақыт отырудың оның денсаулығына келтіретін зияндарымен таныстарыңыз көру қабілетіне зиян, омыртқада проблемалардың пайда болуы т.б.
• Балаларды интернетке бақылаусыз кіруге рұқсат бермеңіз. Онымен бірге белгілі бір сайттарға кіруге тыйым салу жолдарын ойластырыңыз.
1). Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары
• Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
• Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.
• Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.
• Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршағанға және қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
• Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.
• Қоршау белгілерінен, буилардан тыскары жүзбеңіз.
• Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.

Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі- ең басты байлық . Сондықтан балаларға жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Статистика бойынша, өкінішке орай , жол апаттары көптеп болуда. Соның ішінде балалардың жол апатына душар болуы жоғары көрсеткішті көрсетеді.
Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбірулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.

Жолда жүру ережелері.
Жаяу жүргіншілер тротуар немесе жаяу жүргіншілер жолымен жүру керек. Жақын маңда тротуар болмаса, велосипед жолымен жүру қажет. Мұндай жағдайда барынша жол шетімен жүріп, велосипед немесе самокаттан абай болған жөн. Егер көшеде тротуар болмаса, жол жиегімен жүруге рұқсат етіледі.
Қай жерде жүруге болмайды
Жаяу жүргіншілердің жүруіне тыйым салатын белгі (ақ-қызыл фонды шеңберде жүріп бара жатқан адамды қиғаш сызған) тұрған жерде жүруге болмайды. Веложол және веложолақпен де еркін қозғала алмайсыз. Сондай-ақ жаяу жүргінші автомобиль жолына шықпауы қажет.
Жолдан қай жерден өтуге болады
Ең қауіпсізі — бағдаршам бар қиылыстан өту. Егер жақын жерде бағдаршам болмаса, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі деп аталатын «зебрамен» жүрген жөн. Егер бағдаршам немесе жаяу жүргіншілер өткелі жоқ болып, жолды тек кесіп өтуге тура келсе, қауіпсіздікке баса мән бере отырып, тіке (90 градус) өту қажет. Жолдың екі жағы да анық көрінетін тұстан өткен абзал.
Ірі қалаларда жаяу жүргіншілер көпірі және жерасты өткелі болады. Олар бәрінен қауіпсіз, жолдан өткенде ерінбей осылармен жүрген дұрыс.
Капюшон жаяу жүргіншінің жолды көру бұрышын тарылтады, сол үшін жолға жақындағанда оны шешу қажет. Құлаққап туралы да осыны айтуға болады. Жұртқа мүлде құлаққап тақпа деу қиын, бірақ жолдан өтерде оны алып, жан-жаққа назар аударған абзал.
Өрт болған жағдайда ересектерге немесе 202 нөміріне дереу хабарла!
Ғимараттан тез арада шығып кетуге әрекет жаса.
Тығыламын деп тырыспа, от жалыны жетпегенімен, түтіннің иісінен қашып құтылмайсың.
Егер түтіннен тұншығып, көзің жасаураса, тыныс алу жолдарынбеторамалмен немесе қандайда бір матамен жауып, мата арқылы дем ал!
Ғимараттың ішін қою түтін басып кетсе, еңбектеп шығуға тырыс, өйткені еденге жақын ауа температурасы төменірек және оттегі көбірек болады.
Жоғарыда көрсетілген қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етілуіне үлкен үлес қоссасыздар!

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының травматолог дәрігері: Тасбулатов Мадияр Егенбердіұлы

AdiletTV

Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қаншалықты өзгерді.

AdiletTV

ЕЛІМІЗДЕ 550 БАЛА КӨКЖӨТЕЛ ЖҰҚТЫРДЫ

Пікір қалдырыңыз