5.3 C
Shymkent
27 ноября, 2024
Денсаулық

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының травматолог дәрігері: Тасбулатов Мадияр Егенбердіұлы

Бүгінгідей техника ғасыры аталған заманда түрлі жарақат алудың алдыңғы орынға шыққаны белгілі. Мәселен, әлемде жол апатынан болатын жарақаттар жиі кездеседі. Қыс мезгілінде болатын оқыс жағдайлар да бар. Оған қоса абайсызда қол-аяғын сындырып немесе бір жерін кесіп алатын жағдайлар көп кездеседі. Мұндайда қарапайым халық әрдайым ақ халатты абзал жандардың көмегіне жүгінеді. Аурухананың, емхананың күнделікті тынымсыз тыныс-тіршілігі, таңертеңнен ағылып келіп жатқан науқастарға жасайтын ем-домдар, жүктеген ауыртпалықтарға қарамастан, олардың еш сыр бермей, шыдамдылық пен мейірім танытып, жымиып жүретіндігіне қайран қаласың. Осындай жандардың бірі Тасбулатов Мадияр Егенбердіұлы дертіне дауа іздеген талай науқастарға қол ұшын созып келеді. Ордабасы ауданының тұрғындарының зор алғысына бөленген
Ордабасы аудандық орталық ауруханасының травматолог дәрігері Тасбулатов Мадияр Егенбердіұлы 09.11.1984 жылы дүниеге келген.
2001-2007 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын » Жалпы тәжірибелік дәрігер » мамандығы бойынша, 2007-2008 жылы » Жалпы тәжірибелік дәрігер » мамандығы бойынша интернатураны бітірді. 10.05-11.12.2010 жылы Травматология және ортопедия мамандығы бойынша қайта даярлау, 05.04-17.05.2021 жылы Ғылыми зерттеулер Халықаралық жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Балалар травматологиясы және ортопедия мамандықтары бойынша білімін жетілдірді.
2008 жылдан 2012 жылға дейін Ордабасы аудандық орталық ауруханасында трансфузиолог, травматолог дәрігері болып жұмыс істеді.
2012 жылдан 2017 жылға дейін Амбулаторлық хирургия, травматология және гинекология орталығы ГТП №1 травматолог дәрігері болып жұмыс жасап,
2017 жылдан 2019 жылға дейінгі аралықта Шымкент қалалық жедел көрсету медициналық жәрдем ауруханасының травматология бөлімшесінің, травматолог дәрігері болып жұмыс істеді.
2019 жылдан – қазіргі таңда Ордабасы аудандық орталық ауруханасында хирургиялық бөлімінде травматолог дәрігері болып жұмыс жасап келеді.
Травматолог дәрігер зақымдалған сүйек буынға ота жасайды. Науқастарға негізінен хирургиялық жолмен емдеу арқылы медициналық көмек көрсетіп, науқастардың зор алғысына бөленеді. Ордабасы аудандық орталық ауруханасында осы 2024 жылдың 4 айлығында травматологиялық оталар 78 науқасқа жасалынған. Қәзіргі уақытта науқастарға БИОС иық сүйегі, БИОС сан сүйегі, БИОС жіліншік, Метал конструкцияларды алып тастау, Ампутация және т.с.с оталар жасалынуда. Науқастар облыста жасалатын оталар ауданымызда жасалып жатқанына алғысын білдіруде. Бұл салада әсіресе 16 жылдан бері Елімізде ауырып-сырқаған әр адамның денсаулығын бірінші орынға қойып, оны оңалтуды басты міндет еткен білікті мамандардың бірі Тасбулатов Мадияр Егенбердіұлы.

Бөлісу

Related posts

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасы ЖРВИ мен тұмауды алдын алу бойынша ескертеді!

AdiletTV

Түркістан облысы: 2024 МӘМС төлемі қанша теңге төленеді.

AdiletTV

Түркістан облысы: Жеңілдігі бар 15 санат «сақтандырылған» мәртебесіне ие және оларға МӘМС тізіміне кіретін барлық медициналық қызмет тегін көрсетіледі.

AdiletTV

Leave a Comment