20.3 C
Shymkent
18 сентября, 2025
adilettv Денсаулық

Түркістан облысы: Ордабасы ауданының тұрғындар назарына!

1 қыркүйектен 1 қарашаға дейінгі еркін тіркелу науқаны басталғанын хабарлаймыз. Ордабасы аудандық орталық ауруханасына осы науқан барысында сіз де тіркеле аласыз!Елімізде медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымының (МСАК) жыл сайынғы еркін таңдау бойынша тіркеу кампаниясы басталуда. Оған тұрғындар 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін тіркеле алады. Дәрігер тіркелген пациенттердің денсаулығын бақылауы үшін емхананы тұрғылықты жеріне жақын жерде таңдау ұсынылуда. Яғни, емхана дәрігерлері қажет болған жағдайда пациенттердің үйіне бара алады. Емханаға тіркелу бірнеше жолмен жүзеге асырылады:
Атап айтқанда, www.e.gov.kz веб-порталы арқылы жүгінген кезде тіркеу ЭЦҚ болған кезде жүргізіледі. Ал халықтың жекелеген санаттары тікелей емханаға тіркеле алады. Ол үшін еркін нысандағы өтініш пен жеке басын куәландыратын құжатты беру қажет.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАРАБАСТАУ ШАҒЫН АУДАНЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН ГАЗ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

AdiletTV

Город Шымкент: управлением полиции Аль-Фарабийского района с начала года в целях повышения правовой грамотности подростков проводится 785 бесед-лекций и разъяснительных работ на различные темы.

AdiletTV

Шымкентте іскер әйелдерге арналған семинар өтті

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз