13.3 C
Shymkent
20 сентября, 2024
полиция

Шымкент қаласы: полицейлер «Жас сақшы» сыныптарының оқушыларымен кездесті

Оқу жылының бірінші күні қалалық полиция департаментінің басшылығы ішкі істер органдарының ардагерлерімен бірге «Жас сақшы» сыныптарының оқушыларымен кездесу өткізді. Аталған сыныптар өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полицейлердің құрметіне ашылған болатын.
Кездесу барысында жас тәртіп сақшыларына қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан құқық қорғаушылардың батыл әрекеттері туралы баяндалды. Сондай-ақ, балалар қызметте батылдығымен көзге түскен полиция қызметкерлерімен де тілдесіп, олардың күнделікті жұмысы туралы білді.
Полицейлердің айтуынша, мұндай кездесулер балалардың бойында патриотизмді, өз халқына деген сүйіспеншілікті, тарихқа құрметпен қарауды және қазіргі мен болашаққа жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеуге бағытталған.
ІІО ардагерлері мен полицейлер кадеттерді оқу жылының басталуымен құттықтап, болашақта олар еліміздің лайықты азаматтары болатынына және әрқашан құқықтық тәртіпті сақтайтынына сенім білдірді. Сондай-ақ оқушыларды білімді табандылықпен игеруге және өз бойында ең жақсы қасиеттерді тәрбиелеуге шақырды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында іс-шара өткізді

AdiletTV

Шымкент қаласы: Еңбек адамы-ПД ЖПҚ Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Акпанбетов Ермек

AdiletTV

Шымкент қаласы: Полиция интернет-алаяқтардың 4 call-орталығын жойды.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз