Ордабасы аудандық орталық ауруханасының Отбасын жоспарлау мектебінің акушер-гинеколог дәрігері Ш.Лағышпанқызы жүкті әйелдерге семинар сабақ өткізді.
Отбасын жоспарлау — бала көтеріп, дүниеге дені сау бала әкелуге дұрыс дайындалуға бағытталған білім беру, медициналық және әлеуметтік іс-шаралар кешені. Отбасын жоспарлаудың заманауи әдістеріне тууды бақылау, репродуктивті көмекші технологиялар және отбасын жоспарлау бағдарламалары кіреді. Бұл емхананың отбасын жоспарлау бөлмесінде бірінші кезекте ерлі-зайыптыларды оқытуға, екінші кезекте жас ұрпақты жыныстық тәрбие мен жеке гигиена мәселелерінде тәрбиелеуге бағытталған отбасын жоспарлау мектебі жұмыс істейді.
Бүгінге дейін отбасын жоспарлау мектебінің сабақтарынан бірқатар жарияланымдарды бастап, соның арқасында дені сау балалардың туылуы, жүктілік аралықтарын реттеу, дені сау балалардың қажетті санын туу, әйелдің денсаулығын сақтау, ата-аналардың жасына байланысты балалардың туу уақытын таңдау, контрацепцияның заманауи әдістері, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы сабаққа қатысқан аналар біле алды. Әйелдің, ата-анасының екеуінің де денсаулығы – дені сау және қалаулы балалардың туылуының басты шарты. Отбасын жоспарлау бөлмесі мен мектептегі сабақтарға кеңес беру ерлі-зайыптылар үшін әйелдердің репродуктивті денсаулығын, отбасындағы үйлесімділікті, отбасылық өмірдегі бақытты сақтаудың маңызды факторы болып табылады. Отбасын жоспарлау мектебі сабақтарының жарияланымдары жас жұбайларға, тәжірибесі бар отбасыларға қалаулы және дені сау балалардың дүниеге келуіне жауапкершілікпен қарауға көмектесетін мектеп. Айта кетейік бұл сабақтың негізгі мақсаты — жастардың отбасын жоспарлаудың заманауи ережелері, оның ішінде контрацепция әдістері туралы хабардар болу деңгейін арттыру; балалы болу уақыт аралығын анықтауға, контрацепция мен бедеулікті емдеудің қауіпсіз әдістерін дұрыс таңдауға және қолдануға үйрету.
Отбасыны жоспарлау кабинетінің міндеттері:
-Отбасыны жоспарлау мәселелері бойынша емхананың басқа бөлімшелерімен өзара әрекеттесу.
-Жасанды түсік тастаудың және контрацептивалардың қолданылатын әдістерінің таралуының сараптамасын жасау.
-Тіркелген әйелдердің контрацепцияның қай түріне мұқтаж екенін анықтау.
-Тұрғындарға жыныстық тәрбие беру, жастарды саналы түрде ата-ана болуға дайындау.
-Отбасыны жоспарлау мәселелері бойынша кеңес беру.
-Отбасыны жоспарлау мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа санитарлық білім беру.
-Бала көтертпейтін дәрілерді жеке таңдау (оральдық контрацептивалар, жатыр ішілік контрацептивалар, спермицидтер).
-Контрацептивалардың түрлі әдістерін қолданатын, пациенттерді бақылау.
-Қаланың емдік-диагностикалық мекемелерінде тексерулерге жолдау (көрсетілімдер бойынша).
Отбасын жоспарлаудың кажеті:
• қалаулы денісау баланы туу ушін;
• әйелдердің денсаулығын сақтау үшін;
• отбасындағы психосексуалды қатынастардағы үйлесімділікке қол жеткізу үшін;
• өмірлік жоспарларды жүзеге асыру үшін;
• өмip сүру сапасын жақсарту үшiн.
Отбасын жоспарлаудың әдістері
Отбасын жоспарлау үйлесімді және қayiпciз жыныстық қатынас құруға, өз денсаулығын caқтayғa мүмкіндік беретін контрацепция әдістері арқылы жүзеге асырылады. Бұл:
1. Ішілетін құрама контрацептивтер.
2. Инъекцияльқ контрацептивтер.
3. Әйелдердің стерилизациясы.
4. Вазэктомия (еркектердіңстерилизациясы).
5. Презервативтер.
6. Жатырішілік заттар.
7. Отбасын жоспарлаудьң табиғи әдісі (физиологиялық әдіс).
8. Лактациялық аменорея әдісі (ЛАӘ).
Отбасыны жоспарлау кабинетінде, дәрігер гинеколог, акушерка жұмыс жасайды.
Егер де Сіз отбасыны жоспарлау мәселелері бойынша өзіңізге қажетті ақпаратты алғыңыз келсе (бала көтертпейтін дәрілер, түсік жасау бойынша кеңес алу және т.б.), алдын ала жазылмай-ақ, амбулаторлық картамен Отбасыны жоспарлау кабинетке келе аласыз.
Егер Сіз жас азамат (бойжеткен) болсаңыз және өзіңізге қажетті ақпаратты жасырын алғыңыз келсе, онда отбасыны жоспарлау кабинетінің дәрігеріне жасырын түрде жүгіне аласыз.
айта кетейік Ордабасы аудандық ауруханасында мұндай мектептердің жиі жұмыс жүргізеді. Келген аналардың қойылған сұрақтарына жауап беріліп, ақпараттық оқу материалдары таратылды.