22.3 C
Shymkent
19 сентября, 2024
полиция

Шымкент қаласы: полицейлер «Жас сақшы» сыныптарының оқушыларымен кездесті

Оқу жылының бірінші күні қалалық полиция департаментінің басшылығы ішкі істер органдарының ардагерлерімен бірге «Жас сақшы» сыныптарының оқушыларымен кездесу өткізді. Аталған сыныптар өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полицейлердің құрметіне ашылған болатын.
Кездесу барысында жас тәртіп сақшыларына қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан құқық қорғаушылардың батыл әрекеттері туралы баяндалды. Сондай-ақ, балалар қызметте батылдығымен көзге түскен полиция қызметкерлерімен де тілдесіп, олардың күнделікті жұмысы туралы білді.
Полицейлердің айтуынша, мұндай кездесулер балалардың бойында патриотизмді, өз халқына деген сүйіспеншілікті, тарихқа құрметпен қарауды және қазіргі мен болашаққа жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеуге бағытталған.
ІІО ардагерлері мен полицейлер кадеттерді оқу жылының басталуымен құттықтап, болашақта олар еліміздің лайықты азаматтары болатынына және әрқашан құқықтық тәртіпті сақтайтынына сенім білдірді. Сондай-ақ оқушыларды білімді табандылықпен игеруге және өз бойында ең жақсы қасиеттерді тәрбиелеуге шақырды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: ІІМ терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске салды

AdiletTV

Шымкент қаласы: полицейлер жастардың құқықтық білімін арттыруға және қылмыстарды алдын алуға бағытталған кездесу өткізді

AdiletTV

Шымкент қаласы: ер адам полиция қызметкерін пышақтады

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз