Денсаулық

15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер енгізіле ме

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер енгізіледі деген ақпарат жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әлеуметтік желілерде 15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер енгізіліп, барлығына маска кию режимі енгізілетіні туралы таралып жүрген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушының эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді көздейтін қаулысына сәйкес ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Маска кию режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі, — делінген хабарламада.

Коронавирус инфекциясының жағдайы бақылануда.

Шындыққа жанаспайтын ақпаратты тарататын адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілді. Азаматтарды ресми ақпарат көздеріндегі сенімді ақпаратқа сенуге шақырамыз, — делінген хабарламада.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Түркістан облысы: Жеңілдігі бар 15 санат «сақтандырылған» мәртебесіне ие және оларға МӘМС тізіміне кіретін барлық медициналық қызмет тегін көрсетіледі.

AdiletTV

5 жылда пластикалық ота жасаушылардың үстінен 39 шағым түскен

AdiletTV

Түркістан облысы: денсаулық сақтау вице-министрі Ордабасы аудандық ауруханасында болды.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз