22.3 C
Shymkent
19 сентября, 2024
Полиция

Шымкент қаласы: полицейлер ішінде жарты миллион теңге бар жоғалған сөмкені иесіне қайтарды

Полицияға қомақты қаржысын жоғалтқаны туралы Түркістан облысының тұрғыны арызданды. Ер адамның айтуынша, ол барсеткасын автокөлік жолында түсіріп алған болуы мүмкін.
Хабарлама бойынша жедел басқару орталығының инспекторлары көшедегі бейнебақылау камераларындағы жазбаларды толық қарап шығып, ер адамның қозғалыс бағытын тексерді. Нәтижесінде сөмкені сол жолдан жүріп өткен көліктің жүргізушісі алып кеткені анықталды. Автокөлікті тауып, тоқтату үшін патрульдік полиция полкінің қызметкерлері бағытталды.
Осылайша, екі сағат ішінде тәртіп сақшылары жоғалған сөмкені тауып, ішіндегі ақшасымен бірге иесіне қайтарып берді.
Өз кезегінде азамат құқық қорғаушыларға жедел жұмысы мен адалдығы үшін шын жүректен ризашылығын білдірді.
Полицейлер олардың көмегіне мұқтаж адамдардың үмітін ақтау үшін әрқашан бар күш-жігерін салатынын атап өтті.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: құқық қорғаушылар мен еріктілер есірткі қылмысына қарсы күресте бірікті

AdiletTV

Шымкент қаласы: Жедел-криминалистикалық басқармада қылмыстарды ашуға жәрдемдесу үшін жаңа автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйесі енгізілді.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз