Инсульт дегеніміз – бұл ми қанайналымының жіті бұзылуы.
Ишемиялық инсульт – бас миы тамырының қан ағысымен келіп түскен атеросклерозды түйіншекпен немесе тромбпен жабылуы кезінде пайда болады.
Геморрагиялық инсульт – қантамыр үзілген кезде пайда болатын ми ішіне қан құйылу.
Жыл сайын Қазақстанда:
— 40 000 адам инсультке шалдығады
— алғашқы 10 күн ішінде 5000 адам қайтыс болады
— инсультке шалдыққан әрбір үшінші емделуші күтім бойынша бөгде адамның көмегіне мұқтаж
— әрбір бесінші емделуші өздігінен жүре алмайды
— инсульттен кейін аман қалған әрбір бесінші емделуші өз денсаулығын қалпына келтіріп, қалыпты өмірге оралады.
Инсульттің пайда болу қауіп-қатерлерінің факторлары
— жоғары артериялық қысым
— темекі тарту және ішімдікке салыну
— қандағы холестериннің аса жоғары деңгейі
— дене белсенділігінің жеткіліксіздігі
— дененің артық салмағы
— жүрек аурулары
— өткенде өткерген инсульт
— тұқым қуалаушылық
Инсульттің алдын алу
— өз артериялық қысымыңызды бақылап отырыңыз
— қандағы холестерин мен глюкозаның деңгейін қадағалаңыз
— темекі тарту мен ішімдікке жоқ деңіз!
— тамақтану рационында тұздың, май мен қанттың қолданылуын шектеңіз
— көбірек серуендеп, қозғалыңыз
Өзіңізде танып-біле алатын симптомдар:
— қол немесе аяқтардың кенеттен ұйып қалуы
— бақылауды кенеттен жоғалту (адам қайда тұрғандығын түсіне алмайды, анық сөйлей алмайды)
— көзге қос көріну немесе анық көрмеу
-жүрек айну/лоқсу
Инсультті танып-білуге көмектесетін және уақытылы түрде «жедел жәрдем» шақыруға көмектесетін симптомдар: беттің ассиметриясы; қолдың кенеттен босаңсуы; түсініксіз және анық емес сөйлеу, осы жағдайларда шұғыл түрде «жедел жәрдем» шақыру қажет.
Жедел жәрдем келгенше не істеу қажет?
— адамды көлденең жатқызу, мойын иілмес және қанағымы нашарламас үшін бас, иығы жастық үстінде болуы тиіс;
— дем алуына кедергі келтіретін киімді ағыту, таза ауаның келуіне қолжетімділік жасау;
— тіс протездерін алып шығу;
— егер де адам лоқсыса, басын бүйір жаққа бұрып, құсықтың тыныс алу жолдарына кіруіне және тілдің түсіп кетуіне жол бермеу үшін құсықты алып тастау.
Инсульттің дамуы
Инсульттің алдын алу адамның салауатты өмір сүруге ұмтылысының маңызды бөлігі болып табылады.
Инсульт пайда болу қаупінің факторлары:
қысымның айтарлықтай төмендеуі бар тұрақсыз гипертония;
жүрек ырғағы бұзылуының бірі ретінде жүрекшелердің фибрилляциясы;
қант диабеті;
темекі түтінін жұту (белсенді және пассивті темекі шегетін адамдар);
алкогольді тұтыну (тәулігіне 50 грамм ащы алкоголь, 200 грамм шарап немесе жарты литр сыра);
абдоминальді семіздік (әйелдерде бел көлемі 88 сантиметрден немесе ерлерде 102 сантиметрден жоғары);
тәулігіне 5 грамнан артық (шай қасық) тұз тұтыну;
жиі күйзеліс және психологиялық-эмоционалды шамадан тыс жүктеме;
гиподинамия (адамның қозғалыс мүмкіндігінің айтарлықтай төмендеуінен туындаған көптеген патология).
Егер адам өмірінде осы аталған белгілердің кем дегенде біреуі бар болса, онда инсульттің алдын алу туралы дәл қазір ойлану керек.
Инсульттің диагностикасы
Әдетте, инсульттің алғашқы белгілерін науқастың айналасындағы адамдар байқайды. Алғашқы минуттарда қауіпті жағдайға күдіктеніп, дереу жедел жәрдем шақырып, алғашқы көмекті бастау керек. Ауру басталғаннан кейін алғашқы төрт жарым сағатта адамды мүгедектіктен құтқаруға болады.
Геморрагиялық инсульттің алғашқы белгілеріне мыналар жатады:
өте қатты бас ауруы, құсуы мүмкін;
сананың жоғалуы;
тырыспалар;
көз қарашығының бір жағынан кеңеюі;
сөйлеудің бұзылуы;
аяқ-қолдардың салдануы;
есте сақтау қабілетінің жоғалуы;
кеңістік пен уақытқа қатысты адамның санасын, ойын жоғалтуы.
Ишемиялық инсульттің алғашқы белгілері
Әдетте бұл белгілер алғашында тым елеусіз болады, бірақ өте қауіпті.
бұлшықет тырысуы, мысалы, аяқты бүгуге немесе иекті кеудеге тіреуге мүмкіндік бермейді;
ыстықтау сезімі, шамадан тыс терлеу, жүрек соғуының күшеюі, әлсіздік;
мидың зақымдалған аймағымен «басқаратын» органдардың қызметі бұзылуы (қолдың немесе аяқтың өтпелі әлсіздігі, түсініксіз сөйлеу, бір көздің уақытша көрмей қалуы).
Мамандар адамда инсульт бар-жоғын анықтау үшін мынандай жеңілдетілген тест жүргізуге кеңес береді: адамнан жымиюды сұраңыз – оның жымиюы асимметриялық сипатта болады; адамнан өзінің аты-жөнін айтуды сұраңыз – науқастың тілі күрмеліп, сөзі түсініксіз болады; адамнан қолдарын жоғары көтеруді сұраңыз – бір қолы көтерілмейді (ішінара немесе толық).
Инсульт кезінде көрсетілетін алғашқы көмек
Адамның инсульт алу қаупі туралы хабарланғаннан кейін медициналық көмекті күту кезіндегі алғашқы көмек көрсетудің маңызы зор. Оларға мыналар жатады:
науқасты жатқызу;
оған таза ауа жұтуға мүмкіндік беріп, киімдерін шешу;
бар болса, тіс протездерін алып тастау;
адамды жалғыз қалдырмай, әр 5 минут сайын қан қысымын өлшеу;
жүрек айнуының алғашқы белгілері пайда болған кезде басын бір жағына бұру;
өзі қалаған көлемде су ішкізу;
жәбірленушінің тілінің астына бір мезгілде 10-12 дана глицин қоюға болады;
«жедел жәрдем» мамандарына барлығын баяндау.
Инсультті емдеу
Науқастар мен олардың отбасылары кез келген инсульттан айығу ауруханадан шығумен аяқталмайтын ұзақ мерзімді қолайсыздық пен қиын жағдай екенін білуі керек. Науқастың күнделікті өміріне міндетті процедураларды енгізу оның жоғалған функцияларын тезірек қалпына келтіріп қоймай, сонымен қатар қайталанатын инсульттің алдын алуға көмектесетінін ұмытпау керек.
Инсульттан кейін адамды дұрыс оңалту үшін бірқатар шараларды орындау қажет. Олардың ішінде мына процедуралар бар:
қол мен аяққа жеңіл массаж;
науқастық қозғалу белсенділігін қалпына келтіруге көмектесетін жеңіл жаттығулар;
қол саусақтарының ұсақ моторикасын дамытуға арналған арнайы жаттығулар;
судағы массаж, бұлшықет тартылысын ынталандыратын судағы процедуралар.
Науқасты оңалтуға бағытталған барлық медициналық процедураны сауатты орындау адамның тәуелсіз өмірге қайта оралуына әкеледі. Әдетте оңалту кезеңі шамамен 3 жылға созылады.
Инсульт – мидағы қан айналымының жіті бұзылуы нәтижесінде дамитын ауру, нәтижесінде ми тіндері зақымданып, оның қызметі бұзылады.
Инсульттің екі негізгі түрі бар:
1. Ишемиялық – мидың артериялық тамырларының бітелуімен немесе түйілуімен байланысты және аймақты қанмен жеткіліксіз қамтамасыз ету және некроз аймағындағы жүйке жасушаларының өлуі және ми инфарктінің дамуы.
2. Геморрагиялық – артерияның немесе венаның жарылуымен және ми заттегіне немесе оның қабықшаларының астына қан құйылумен байланысты, айналасындағы жүйке тінін қысып, нейрондардың өлуіне және ми ісінуінің дамуын ынталандырады.
Мидағы қан айналымының кез келген бұзылуы жағдайында оның жасушаларының қалыпты қоректенуін мүмкіндігінше тез қалпына келтіру керек. Бұл олардың одан әрі өлімін тоқтатады және ауыр асқынуларды болдырмауға көмектеседі.
Инсульттің белгілер:
• Беттің қисаюы – адамнан күлімсіреуді, бетін томпайтуын, тісін көрсетуін сұрау керек. Инсульттің ықтимал белгісі — мұрын-ерін қатпарының асимметриясы, беті салбырау, езуі қисаю.
• Сөйлеудің бұзылуы – адамның сөйлей алмауы немесе адам өзінің не айтып тұрғанын түсінбей, сөздерді шатастыруы – инсульттің белгісі болуы мүмкін.
• Қолдың немесе аяқтың әлсіздігі – егер адам қолының кенеттен ебедейсіздігіне, қолмен анық жаза алмауына шағымданса.
Егер бұл белгілер анықталса, тез арада жедел жәрдем шақыруыңыз керек!
Инсульт дамуының қауіп факторлары:
• Жасы – инсульттің жиілігі 50 жастан кейін артады
• жынысы – 40 жастан асқан ерлерде әйелдерге қарағанда инсульттің даму қаупі жоғары.
• отбасылық анамнез және тұқым қуалайтын бейімділік
• темекі шегу – инсульт қаупін екі есе арттырады
• психологиялық факторлар – стресс, депрессия, шаршау
• алкоголь, есірткі тұтыну және дәрі-дәрмектер – ауыз арқылы қабылданатын контрацептивтер қабылдау
• артық салмақ пен семіздік
• дұрыс тамақтанбау
• физикалық белсенділіктің жеткіліксіздігі
Инсульттің алдын алу, ең алдымен, денеге теріс әсер ететін факторларды жою үшін өмір салтын түзетуді қамтиды.
Профилактикаға не кіреді:
Қан қысымын бақылау
Артериялық гипертония – инсульттің ең көп тараған себебі, ол геморрагиялық инсультке әкелетін мидағы қан кетуді тудырады; Дәрігердің ұсынымдарын жүйелі түрде орындау және қан қысымын қалыпты шектерде ұстау өте маңызды.
• Холестеринді бақылау
Холестерин түйіншектері мидағы артерияларды бітеп, ишемиялық инсультке әкелуі мүмкін. Холестерин деңгейін бақылау маңызды, егер олар көтерілсе, рационыңызды реттеңіз.
• Қандағы қантты бақылау
Қандағы қант деңгейінің жоғарылауы немесе тұрақты жоғарылауы инсульт қаупін 2-3 есе арттырады. Ең алдымен рационнан майлы және тәтті тағамдарды алып тастаңыз. Қант диабетімен ауыратын болсаңыз, қант деңгейін бақылау және глюкозаны төмендететін дәрілерді уақытында қабылдау маңызды.
• Салмақты бақылау
Артық салмақ инсульт қаупі арттырады, сондықтан оны бақылау керек. Тіпті 3-5 кг салмақ жоғалту инсульт қаупін айтарлықтай төмендетеді. Рационда құрамында талшығы бар өнімдер басым болуы керек: көкөніс, жеміс-жидек.
• Жаман әдеттерден арылу
Белсенді және пассивті темекі шегу және алкоголь тұтыну инсульт қаупін арттырады
• Дене белсенділігі
Тіпті ең қарапайым таңертеңгілік жаттығулар денеге пайдалы әсер етеді. Физикалық белсенділік артық салмақтан арылуға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар денеңізді күшті және серпімді етеді. Бірақ жүктеме жас ерекшелігін және ауруларды ескере отырып, адекватты болуы керек екенін түсінуіміз керек. Егде жастағы адамдар үшін таза ауада күнделікті ұзақ серуендеу жеткілікті.
Медиа-іс-шаралар: Мақсаты: халықтың денсаулығын нығайту және сақтау, өмірдің барлық кезеңдерінде мінез-құлықтың қауіп-қатер факторлары мен әлеуметтік мәні бар аурулардың алдын алу, халықты скринингтік зерттеп-қарау шаралары туралы халық арасында білім мен дағдыларды арттыру. 1. Артериялық гипертензияның алдын алу бойынша денсаулық мектептерінің, мінез-құлықтық қауіп факторларының алдын алу бойынша денсаулық мектептерінің қызметі туралы ақпаратты орналастыру арқылы тұрғындардың дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру және насихаттау (көкөністерді, жемістерді, фортификацияланған, тазартылмаған, төмен калориялы табиғи өнімдерді және физиологиялық толыққанды ауыз суды тұтыну), тәттілерді, жануарлар майларын, транс май қышқылдары мен тұзды тұтынуды шектеу, дене белсенділігін дәріптеу арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру және денсаулықты нығайту туралы баспасөз хабарламаларын, ДСБ-ның, медициналық ұйымдардың Web-сайтына баннерлерді орналастыру,. 2. Мидағы қан айналымының жіті бұзылуының негізгі белгілері туралы, халықтың өз денсаулығы үшін алдын алу және жауапкершілігін арттыру шаралары, стресске төзімділігін дамыту туралы, ауруларды, мүгедектік пен өлім-жітімді болдырмауға мүмкіндік беретін негізгі құрал ретінде скрининг пен профилактикалық қарап-тексерудің маңыздылығы туралы мерзімді республикалық және/немесе өңірлік баспа басылымдарында (мемлекеттік және орыс тілдерінде) жарияланымдар орналастыру. 3. Халықтың, әсіресе еңбекке қабілетті жастағы адамдардың аурушаңдығының, өлім-жітімінің және мүгедектігітің жетекші себебі болып табылатын бас миының қан тамырлары аурулары туралы, тәуекел факторлары мен профилактикалық іс-шаралар туралы, инфекциялық емес аурулардың
профилактикасы мен скринингтік қарап-тексерудің маңыздылығының дәрежесі туралы хабардар болуын арттыру мақсатында мемлекеттік және орыс тілдерінде теледидар арналарында, радиостанцияларда жұртшылық назарын аудару, соның ішінде сапалы (физиологиялық тұрғыдан толық құнды) пайдалы өнімдерді тұтыну, ауыз су және ауыз су режимі мәселелерін, мінез-құлықтық және биологиялық қауіп факторларын бақылау. 4. Ми қан айналымының жіті бұзылуының алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, коронавирустық инфекцияның алдын алу, республика азаматтарының өз денсаулығы үшін бірлескен жауапкершілігін арттыру, профилактикалық тексерулерден уақтылы өтудің маңыздылығы, әсіресе қауіп факторлары бар адамдарға, МСАК ұйымдарындағы LED — мониторларда аудио-бейнероликтерді трансляциялау арқылы радио мен телеарналарда әлеуметтік жарнаманы тұрақты трансляциялауды ұйымдастыру. 5. Ми қан айналымының жіті бұзылуының белгілері, инсульттің алғашқы белгілері — FAST, мінез – құлықтық және биологиялық қауіп факторларының алдын алудың маңыздылығы, атап айтқанда жоғары артериялық қысымды, қандағы глюкоза мен липидтер деңгейін қалыпқа келтіру, сондай-ақ артық салмақ пен семіздікті азайту туралы, жыл сайынғы профилактикалық тексерулер мен скринингтен өту, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі маңыздылығы туралы сыртқы жарнаманы (жүгірме жолдар, жарықдиодты дисплейлер, баннерлер, билбордтар, Roll-up және т. б.) мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыруды қамтамсыз ету. 6. Қан айналымы жүйесі ауруларының, мидағы қан айналымының жіті бұзылуының, инсультқа тесттің алдын алу және ерте анықтау мәселелері бойынша ақпараттық-білім беру материалдарын тираждауды қамтамасыз ету, инсультқа тест — FAST, қауіпті факторларды жою, оның ішінде жоғары артериялық қан қысымын, қан құрамындағы глюкоза мен лиидтерді қалпына келтіру мен бақылау, темекі шегуден бас тарту, сондай-ақ әлеуметтік желілерде, контекстік жарнамада және скрининг тақырыбына арналған әлеуметтік маркетингтің басқа да түрлерінде пайдалану үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде артық салмақ пен семіздікті азайту, теңгерімді тамақтану, жеткілікті дене белсенділігі және т. б. мен салауатты өмір салты аспектілері бойынша ақпараттық-білім беру материалдарын мемлекеттік және орыс тілдерінде тарату. 7. Әлеуметтік желілерде пайдалану үшін мидағы қан айналымының жіті бұзылуының және мінез-құлықтық тәуекел факторлары мен әлеуметтік мәні бар аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық коммуникациялық материалдарды (инфографиканы) мемлекеттік және орыс тілдерінде Facebook, Vконтакта, Instagram, контекстік жарнама және ақпараттық материалдардың әлеуметтік маркетингінің басқа да түрлерінде жариялау.
Маңызды! Алдын алу шаралары туралы біліп, оларды уақытылы жүзеге асыру арқылы сіз инсульттің даму қаупін анағұрлым төмендетесіз. Өзіңізге қамқорлық жасаңыз және сау болыңыз!
Ордабасы аудандық орталық ауруханасының невропатолог дәрігері Бисугирова Сара Талыповна