22.3 C
Shymkent
19 сентября, 2024
полиция

Шымкент қаласы: Еңбек Адамы-Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің аға инспекторы Қуандық Бейбарыс!

Қызметте де, өмірде де қол ұстасып қатар жүрген жұп
Ерлі-зайыптылардың құқық қорғау органдарында бірге қызмет атқаруы үлкен шыдамдылықты, төзімді, күш-қайрат пен жігерді талап етеді. Қызмет пен үйдегі жұмысты бірге алып жүрген жас отбасылардың бірі – Бейбарыс пен Айжанның шаңырағы. Жас отбасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының түлектері.Қоғам тыныштығын сақтауға үлес қосқан жас отбасының отау құрғанына үш жылдан астам уақыт болды.
Шымкент қалсы полиция департаменті Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің аға инспекторы Қуандық Бейбарыс құқық қорғау органдарында қызмет атқарып жүрген тәртіп сақшыларын көріп, бала кезінен полция қызметкері болуды армандаған. Қазіргі таңда, ішкі істер органдарының қатарында 7 жылдан астам уақыт қызмет атқарып келеді. Ал жары Мырзахмет Айжан бала күнінен тәртіп сақшысы болуды армандаған. Бүгінде, Шымкент қаласы полиция департаменті Қаратау ауданы полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімінің инспекторы болып қызмет атқарады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: Еңбек адамы-ПД ЖПҚ Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Акпанбетов Ермек

AdiletTV

Шымкент қаласы: Есірткі қылмысына қарсы күрес жұмыстары жүргізілді.

AdiletTV

Шымкент қаласы: полицейлер жастардың құқықтық білімін арттыруға және қылмыстарды алдын алуға бағытталған кездесу өткізді

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз