22.3 C
Shymkent
19 сентября, 2024
Полиция

Шымкент қаласы: құқық қорғаушылар мен еріктілер есірткі қылмысына қарсы күресте бірікті

Өткен сенбіде үш жүз адам ғимараттардың, қоршаулардың және басқа қасбеттердің сыртқы қабырғаларында қалдырылған граффити суреттер түріндегі есірткі жарнамаларын бояп өшірді.
Кең ауқымды акцияға жергілікті полиция қызметі, прокуратура қызметкерлері, коммуналдық қызмет, «Жастар ресурстық орталығының» өкілдері және еріктілер қатысты.
Есірткі заттарын тұтыну мен өткізуді насихаттау жүзеге асырылатын интернет-ресурстардың нөмірлері мен атаулары көрсетілген граффити жазбалар Әл-Фараби ауданының аумағында іздестірілді. Мұндай жазбаларды анықтау үшін акция қатысушылары аулаларды, көшелерді, үйаралық аумақтарды мұқият қарап шықты.
Рейд нәтижесінде есірткі жарнамасы бар жарты мыңнан астам сурет жойылды.
– Есірткі сатушылар үшін жас пен әлеуметтік статус маңызды емес. Олар тіпті кәмелетке толмағандар арасында клиенттер мен көмекшілерді іздеп, тыйым салынған заттар курьерінің жұмысын ұсынатын сайттарды қасбеттерде қалдырады. Айта өтсек, полиция қызметкерлерімен жыл басынан бері есірткі таратқаны үшін 50ден астам адам ұсталды, – дейді Шымкент ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасында.
Құқық қорғаушылар есірткі жарнамасына қарсы күресті жалғастырып, осындай рейдтер мен акциялар тұрақты негізде жүргізілетінін атап өтті.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: Жедел-криминалистикалық басқармада қылмыстарды ашуға жәрдемдесу үшін жаңа автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйесі енгізілді.

AdiletTV

Шымкент қаласы: полицейлер ішінде жарты миллион теңге бар жоғалған сөмкені иесіне қайтарды

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз