29.3 C
Shymkent
24 сентября, 2024
Полиция

Шмкент қаласы: ”Ауладағы кездесу” республикалық акциясы аясында полиция қызметкерлері халықпен кездесу өткізілді.

2024 жылдың 16 қыркүйек күні Полиция басқармасының бастығы Жандос Бейсенов Еңбекші АПБ ЖПҚБ-на қарасты №47 учаскелік полиция пунктінің әкімшілік аумағындағы тұрғындарымен кездесіп, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, интернет-алаяқтықтың тіркелген фактілері туралы айтып, телефон алаяқтарымен сөйлесудің негізгі ережелерін жеткізді. Сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға, есірткі заттарының таралуына жол бермеу және қауіпті нарко-граффити жарнамаларын жою бойынша қажетті ақпаратты жеткізді.
Басты мақсат – қоғамдық тәртіпті сақтауды және көшелердегі профилактиканы күшейту, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, құқықтық кеңестер беру, қоғамдық орындарда, саяжайларда, құрылыс объектілерінде, базарларда, шаруа қожалықтарда, жалдамалы пәтерлерде, шалғай жерлерде тексеру жұмыстарын жүргізу.

Сонымен қатар, маскүнемдер, нашақорлар, қолайсыз отбасылар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: Жедел-криминалистикалық басқармада қылмыстарды ашуға жәрдемдесу үшін жаңа автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйесі енгізілді.

AdiletTV

Шымкент қаласы: құқық қорғаушылар мен еріктілер есірткі қылмысына қарсы күресте бірікті

AdiletTV

Шымкент қаласы: «Жолда қабылдау» акциясы барысында полицейлер 200-ге жуық сауалға жауап берді

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз