29.3 C
Shymkent
24 сентября, 2024
Полиция

Шымкент қаласы: ІІМ іздеуде жүрген алаяқтарды ұстады.

ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жәбірленушілерге келтірілген шығын 650 млн теңгеден асады. – Қарағанды қаласында 45 жастағы ер адам құрықталды. Ол 2018 жылдың шілдесінде өзі Ақтөбеде бола отырып, елордада жылжымайтын мүлік сатып алып беру сылтауымен 100 млн теңгені иемденген. Алматы қаласында 44 жастағы әйел ұсталды. Ол көкөністер мен жемістерді жеткізу сылтауымен азаматтарды 516 млн теңгеден астам сомаға алдаған. Астана қаласында 60 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол өткен жылдың қыркүйек айында жеңілдетілген несие арқылы тұрғын үй сатып алу сылтауымен 30 млн теңге жымқырған. Сонымен қатар Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында 30 жастағы қазақстандық азамат құрықталды. Ол да алаяқтық жолмен ондаған миллион теңгені қалтаға басқан, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев. Жалпы қабылданған шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері полиция 1360 қылмыскерді ұстап, 1000-нан астам жоғалған адамның орналасқан жерін анықтады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: «Жолда қабылдау» акциясы барысында полицейлер 200-ге жуық сауалға жауап берді

AdiletTV

Шымкент қаласы: полицейлер ішінде жарты миллион теңге бар жоғалған сөмкені иесіне қайтарды

AdiletTV

Шымкент қаласы: құқық қорғаушылар мен еріктілер есірткі қылмысына қарсы күресте бірікті

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз