6.3 C
Shymkent
21 ноября, 2024
Денсаулық

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасында бірқатар мектептерде дұмыс тамақтанудың маңыздылығы түсіндірілді.

Ордабасы ауданына қарасты Қ.Мүсірепов ж.б.б.м, С. Нұрмағамбетов ж.б.бм, Н.Нысанбайұлы ж.б.б.м, Жусансай ж.б.б.м, Оразбаев ж.б.б. мекемесінің мейірбикелері оқушылар арасында күнделікті таңертеңгі астың маңыздылығы, ұсынылған мөлшерде жемістер мен көкеністерді күнделікті қабылдау, құрамында қант бар сусындарды тұтынуды төмендету туралы хабардар болуды арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ ауданға қарасты С.Ысмайлов ж.б.б.м, Ө.Тұрманжанов ж.б.бм, Қажымұқан ж.б.б.м, Жусансай ж.б.б.м, Болашақ негізгі орта мектебі, Н.Оразбаев ж.б.б. мекемесінің мейірбикелері оқушылар арасында күнделікті таңертеңгі астың маңыздылығы, ұсынылған мөлшерде жемістер мен көкеністерді күнделікті қабылдау, құрамында қант бар сусындарды тұтынуды төмендету туралы хабардар болуды арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ел ертеңі білімді және дені сау ұрпақтың қолында. Сол себепті де мектеп жасындағы жасөспірімдер арасында дәл осы бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізу өте маңызды.

Аудан ауруханасына қарасты Ақбастау ж.б.б.м, Теспе ж.б.бм, Тоқсансай ж.б.б.м, Исабеков ж.б.б. мекемесінің мейірбикелері оқушылар арасында күнделікті таңертеңгі астың маңыздылығы, ұсынылған мөлшерде жемістер мен көкеністерді күнделікті қабылдау, құрамында қант бар сусындарды тұтынуды төмендету туралы хабардар болуды арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Балалардың тамақтануын ұйымдастыру мұқият әрі сауатты ойлауды талап етеді. Тамақтану ұтымды болуы тиіс, яғни: мөлшері тұрғысынан жеткілікті (ағзаның қуат шығындарын жабуы тиіс), сапалы, уақыт бойынша дұрыс жоспарлануы тиіс. Баланың тағамында барлық негізгі қоректік заттар – ақуыз, майлар және көмірсулар болуы тиіс, сондай-ақ витаминдер мен минералдардың мөлшері жеткілікті болуы тиіс. Орташа есеппен мектеп жасындағы бала күнделікті ақуыздың 90-100г, оның ішінде тағам құрамының аса құнды бөлігі болып табылатын кемінде 50% — жануар ақуызын (ет, балық, құс, жұмыртқа, ірімшік) алуы тиіс, өйткені онда ағза үшін қажетті амин қышқылдары болады. Майлар, керісінше, өсімдік майынан қарағанда пайдалы – олар кемінде 30% құрауы тиіс. Олардың құрамында сіңген майлы қышқылдар мен май ерітінді дәрумендер болады. Тамақтанудың негізгі бөлігі – көмірсулар болып табылады. Олар екі топқа бөлінеді – қарапайым (қант, тәттілер) және жасушасы, өсімдік ұлпалары бар аса құнды күрделі (жарма, көкөніс, жеміс). Тамақтағы дәрумендер мен микроэлементтердің жетіспеушілігі бірқатар аурулардың қалыптасуына әкеліп соғады. Мысалы, темірдің жеткіліксіз түсуі немесе игерілуі темір тапшылығы анемиясының, йодтың, эндемиялық кретинизмнің туындауына әкеледі. Тамақ ішу интервалы 4 сағаттан аспауы тиіс, соңғы асты ұйықтар алдында 2-2,5 сағат бұрын қабылдау қажет. Тамақты күніне кемінде 4-6 рет қабылдаған жөн, оның ішінде кемінде 3 рет (таңертеңгі ас, түскі ас, кешкі ас) ыстық тамақты пайалану керек. Балалар көбінесе мектепте болғандықтан оларға міндетті түрде ол жерде ыстық тамақ ұйымдастырылуы тиіс.
Өмір — адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі-оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп орынды айтқан. Иә, денсаулықтан артық бағалы зат жоқ. Денсаулығымыз жақсы болу үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы зор.
«Салауатты өмір салтын» ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Таза ауада демалу, спортпен шұғылдану, тазалықты сақтау, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану-барлығы салауатты өмір салтына жатады. Бүгінгі күні қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру отбасының балабақшалардың, мектептердің, жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян. Бір сөзбен айтқанда ДЕНІ САУ- ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТ. Дені сау ұрпақ – болашақтың кепілі. Өйткені кез –келген елдің негізгі байлығы оның халқы. Еліміз тәуелсіз, дамыған, өзін қорғай алатын мемлекет болуы үшін ең бірінші халқы сау, жағдайы жақсы болуы керек. Тек сонда ғана әр халық өз елі, болашағы, ұрпақтан ұрпаққа қалар кең байтақ жер үшін күресе алады. «Профилактикалық медицина – аурулардың алдын алудағы басты құралға айналуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті» деп айтады. Яғни, салауатты ұрпақпен ғана қуатты Қазақстанға айналарымыз сөзсіз. Дені сау азаматтар-мемлекеттің ең бағалы капиталы.

Бөлісу

Related posts

Түркістан облысы: жатыр мойны обырының алдын алу үшін қыздарды АПВ -ға қарсы вакцинациялау басталды

AdiletTV

Түркістан облысы; Ордабасы ауданы конго-қырым геморрагиялық қызбасы туралы түсіндірме жұмыстар жүргізілді.

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық орталық ауруханасы инсульттің алдын алу бойынша сақтық шараларды түсіндірді.

AdiletTV

Leave a Comment