1.3 C
Shymkent
25 ноября, 2024
adilettv

Шымкент қаласы: полицейлер қаза тапқан әріптестерінің ұлын білім күні қарсаңында мектепке алып барды.

Бекнұр Талғатұлы биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Ол қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция капитаны Талғат Чулдаковтың ұлы. Еңбекші ауданы полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі 2018 жылдың тамызында жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан. Ол кезде Бекнұр небәрі 10 айлық еді. Қазір ол алты жаста және оның өміріндегі ең маңызды сәттердің бірі – білім алуға алғашқы қадам жасау уақыты келді.
Бұл айтулы күн бала үшін ерекше және есте қаларлық болды: оны мектепке әкесінің әріптестері шығарып салды. Еңбекші АПБ-ның қызметкерлері Бекнұрды үй ауласында қарсы алып, полиция автокөлігімен мектепке жеткізді.
Білім беру мекемесінде тәртіп сақшылары бірінші сынып оқушысын сынып жетекшісіне тапсырып, оған қызықты сабақтар, жақсы бағалар мен көптеген бақытты сәттер тіледі.

Бөлісу

Related posts

Шымкент қаласы: «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел»

AdiletTV

Шымкент қаласы: Абай АПБ ЖПҚ №9тірек пунктін тұрғындар арасында интернет алаяқтық қылмысынан сақ болу үшін жарнамалар таратылып ескеру жұмыстары жүргізілуде.

AdiletTV

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ИГІ ІСТЕ БІРІКТІ

AdiletTV

Leave a Comment