2023 жылдың қорытындысымен Шымкент қаласының полиция департаментімен қала аумағында есірткінің заңсыз айналымымен байланысты құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың жолын кесу және нашақорлықтың алдын алу бойынша бірқатар кешенді жұмыстар атқарылды. Нақтырақ айтсам, өткен жылы есірткімен байланысты жалпы 612 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Оның 135-і қылмыс және 477-і қылмыстық теріс қылық. Анықталғандардың 80-і есірткіні сату, 12-і аса ірі мөлшерде сақтау және 42-і есірткі өсімдіктерін егіп-өсіру қылмыстары. Заңсыз айналымнан 139 кг есірткі заттары, оның ішінде 15 кг синтетикалық есірткілер тәркіленді. Былтыр есірткі қылмыстарын жасаған 573 адам ұсталды. Соның ішінде 57 адам синтетикалық есірткіні интернет арқылы өткізгені және сақтағаны үшін қамауға алынды. Олардың қатарында аса ірі мөлшердегі синтетикалық есірткілерді тасымалдаумен айналысқан жалпы 7 тұлға ұсталып, әрқайсысынан кемінде 2 кг-нан астам синтетикалық есірткілер алынды. Жедел шаралар жалғастырылып, олардың қаламызға алып келу арналары анықталып, өзге өңірлердегі әріптестерімізбен бірге басқа сыбайластарын құрықтау жұмыстары жүргізілді. Анықталған 80 есірткіні сату қылмысының жартысы немесе 39-ы бұл интернет арқылы жасалғандар. Барлығы синтетикалық есірткілерді жасырумен байланысты.Қабылданған шаралар нәтижесінде өткен жылы 3 есірткі зертханасы жойылды (2 фито, 1 синтетика). Сондай-ақ, «Телеграм» мессенджерінде интернет-дүкен ашып, есірткілерді таратқан 5 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Өткен жылы қаладағы әр түрлі орындарда есірткі заттары мен олардың интернеттегі сілтемелері жарнамаланған 1000-нан астам граффити-суреттер жойылды. Осы мақсаттағы жұмыстарға полицияға қоғамдық бірлестіктер, еріктілер мен жанашыр қала тұрғындары тікелей көмек көрсетуде. Олардың күшімен әрбір аумақты үйме-үй аралап, көше аралық және аула аралық қарау жұмыстары жүргізілуде. Жедел басқару орталығына қосылған жалпы 12 мыңнан астам бейнекамералардың көмегімен көшелер мен қоғамдық орындарда есірткі қылмыстарының жолын кесуге жедел шаралар қабылданды. Мәселен, өткен жылы автокөлік ішінде отырып, есірткі заттарын қолданудың 3 дерегі анықталып, бейнежазбамен бекітілді. Патрульдік полиция қызметкерлерінің орналастыру жоспарларына тиісті түзетулер енгізіліп, әрбір есірткімен байланысты шақыртуларға шұғыл жету ұйымдастырылды. Рейдтік тексеру жұмыстары барысында автокөлікті есірткіге масаң күйінде басқарған 127 жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Күнделікті өткізілетін полиция кешенді күштерінің саптық жиынында патрульдік және учаскелік полиция инспекторларынан жекелеген объектілерге, оның ішінде жалдамалы тұрғын үйлерге, қараусыз қалған құрылыстарға, ғимараттарға, базалар, гараждар және т.б. орындарға аса назар аудару, оларды мұқият қарап-шығу талап етілуде. Ол да өзінің оң нәтижелерін берді.
Мәселен, мамыр айында қараусыз қалған ғимарат ішін тексеру кезінде 49 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, одан жалпы 71 гр «героин» есірткісі алынды.
Қаладағы көңіл көтеру және ойын-сауық орындарында есірткіні өткізу және тұтыну деректерін анықтау мақсатында үздіксіз арнайы профилактикалық және рейдтік тексеру жұмыстарын жүргізілуде.
Жұма және демалыс күндері полиция кешенді күштерінің мүмкіндігімен әрбір шулы орындардың, түнгі клуб алдында полиция қызметкерлері алдын ала құрылған мобильді топтар жұмыс істеуде. Аталған жұмыс өзін оң жағынан көрсетіп, тиімді болып отыр.
Мәселен, тамыз айында қала орталығындағы түнгі клуб алдында жүргізілген рейдтік тексеру жұмыстары барысында, келуші 2 азаматтан есірткі заттары табылып, тәркіленіп алынды. Олар аталған заттарды өздерінің шұлықтарының ішіне салып жасырған.
Еліміздің өзге өңірлеріндегі әріптестерімізбен бірлесіп жүргізілген мониторинг нәтижесінде есірткімен байланысты 6 мыңнан астам интернет сайттар мен әлеуметтік желі парақшалары анықталып, ақпараттық жүйеге бұғаттауға енгізілді. Бұл бағыттағы жұмыстарға кибер-еріктілер құрамы жұмылдырылған.
Есірткіге қатысты қылмыстармен күресудің тиімділігін арттыру мақсатында, қаламызда 6 жедел-профилактикалық іс-шаралар өтті. Мәселен, өткен жылдың маусым-қазан айлары аралығында есірткі өсімдіктерін заңсыз егіп-өсіру деректерін анықтау мен олардың жолын кесу мақсатында «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оның барысында әуеден бақылау аппараттары, оның ішінде квадрокоптерлер мен дрондардың мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылды.
Желтоқсан айында жергілікті деңгейде «Стоп наркограффити» жедел-профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырып өткіздік. Оның барысында 565 есірткі жазбалары жойылды.
Есірткі қылмыстарымен күресу жұмыстарына арнайы дайындықтан өткен қызметтік іздестіру иттері тартылуда.
Есірткі және нашақорлық профилактикасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жалпы 340 түрлі іс-шаралар өткізілді. Оған 83 мыңнан астам адам қатысты.
Іс-шараларға үкіметтік емес ұйым өкілдері, қоғам белсенділері, танымал тұлғалар мен еріктілер жұмылдырылды.
Оның барлығы азаматтарға салауатты өмір салтын насихаттау, қоғамды есірткіге қарсы қою, есірткіні пайдаланудың зиянды жақтары мен оның заңға қайшы екендігін түсіндіруге бағытталды.
«26-маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне» орай, 1 ай бойы жоспарлы профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
Өткен жылы қалалық білім басқармасымен бірлесіп, есірткі таралуының қауіптілігін жастар мен жасөспірімдерге жеткізу мақсатында барлық білім ордаларының қатысуымен ауқымды онлайн іс-шара өткізілді. Оған жалпы 361 мекемеден 30 мыңнан астам адам қосылды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері барлық мектептер, колледждер мен жоғарғы оқу орындарын аралап, оқушылар мен студенттерге арнайы дәрістер өткізді.
Есірткі – қоғам дерті,әлемді жаулаған қатер.Есірткі, грек тілінен енген термин болып табылады, яғни грек тілінен аударғанда «Естен айырылу» деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді ең алғашқы енгізген грек емшісі Гиппократ болды. Есірткі сезгіштіктіктің толық жоғалуына, кейбір жағдайларда паралич тудыратын зат болып табылады.
Есірткінің тарихына келетін болсақ, біздің дәуірге дейін бес мың жыл бұрын бастау алған. Бастапқыда есірткіні медициналық мақсаттарға пайдаланған. Мысалы: біздің дәуірге дейін 3 мың жыл бұрын Қытай императорының ем кітабында жөтел, диареяны және шамадан тыс ұмытшақтықты гашиш арқылы емдеу рецептілері түрінде сипат алды. Діни мақсаттарда есірткі өзгерген сананың жағдайына қол жеткізу үшін пайдаланылған.
Нашақорлық – бұл ХХІ ғасырдың әлеуметтік және медициналық мәселесі болып табылады. Халықаралық тәжірибеде Ұлыбритания, Бельгия, Грекия, Ирландия, Канада, Франция және басқа да мемлекеттерде осы қылмыстары үшін өмір бойы бас бостандығынан айыруды белгілеген. Ал есірткіні сатқаны үшін Иран, Қытай, Сингапур, АҚШ, Таиланд елдерінде өлім жазасына кесу заңнамалары көрсетілген. Біздің елімізде де «Қазақстан-2030: Барлық Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы, қауіпсіздігі және хал-ахуалының жақсаруы» атты халыққа жолдаған жолдауда: «Есірткіні жеткізгені және таратқаны үшін қатаң жазалау қажет..» делінген.
Есірткі өлімге әкеліп соғады. Бір жағынан таратушы, жеткізіп берушінің өмірі, екінші жағынан есірткіні пайдаланушының өміріне қауіп төнеді. Есірткінің әсерінен адамның жүйкесін тыныштандыратын әсер алғанымен, есірткінің күші жойылғанда адам өте сезімтал болады, есірткі әсерінен өзін көңілді сезінсе, есеңгіреу аяқталғаннан кейін адам төзгісіз ауруды сезінеді. Есірткінің ең күшті әсер ететіні «Героин» болып табылады. Нашақор 15-30 секунд бойы ләззат алады, содан соң себепсіз қайырымдылық, көңілді күй сезімдерін сезінеді. Нашақорлықтан бұлшықеттері, буындары қатты ауырады, ұйқысыздық пайда болады, осыны жою мақсатында келесі тағы қолдануға тура келеді. Яғни өзінің бойындағы есірткіден кейінгі ауырсынуды жою үшін жиі қолдана бастайды.
Қазіргі уақытта есірткіні қолданатындардың әлеуметтік сипаты да өзгерген. Олардың қатарын орташа және тіпті жақсы қамтамасыздандырылған отбасылардың балалалары толтырып отыр. Менің ойымша, есірткіні ең алғашқыда қолданып көретін адам бір рет қолданамын, көремін, көңіл-күйімді көтеремін, ләззат аламын деген оймен қолданады. Бірақ уақыт өте келе өзінің қалай есірткіге тәуелді болып қолғанын сезбей де қалады.
Қарап отырсақ адам айтса сенгісіз,өлімдер мен ауруларға алып келеді.Оған қарамастан қолдану мен сатып алу қарқыны төмендер емес.15 секундтың ләззат алу үшін,өз өмірін қиятындар қаншама.
Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында клеи, штрих, лак, жидкость иіскеу секілді, яғни таксикоманияда көптеп туындап отыр. Таксикоманияда нашакорлықтың бір сипаты болып табылады. Зиянды заттарды иіскеу адам ағзасы үшін өте зиянды.
Есірткіні қолданған адамдар біріншіден, денсаулығы нашарлайды, екіншіден, нашақордан дүниеге келген бала науқас болады немесе ұзақ өмір сүре алмайды. Есірткіні көп мөлшерде қолданған адам есінен адасады, өз өміріне, туған-туыстарына кері әсерін тигізеді. Ақырында өлімге душар болады.
Адамдар не себепті есірткіге әуес болады?Осы орайда Абай атамыздың «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық Аздырар адам баласын..» өлең жолдары еске түседі. Өйткені, баршылыққа масаттанып істерге іс таппаған, өз проблемаларының шешімін таба алмаған адамдар немесе жасөспірім шақта жақсы мен жаманды ажырата алмаған уақытта білместікпен әуес болғандар нашақорлыққа бейім болады деп санаймын. Нашақорлық жақсы дүние емес.Қанша жерден әшейін дүние секілді көрінгенімен,шын мәнінде адам баласын тәргі дүние жолына түсіретін бұл зат неліктен соншалықты сұранысқа ие депте ойлаймыз! Қаншама өлім,қаншама дерт.
Есірткісіз өмір ғажайып.Мамандар елімізде 24 мыңнан астам адам есірткіге тәуелді екенін растайды. Бүкіл дүниежүзін жайлаған есірткіге тәуелділік тамырын тереңге жайған жұқпалы індетке айналып барады. Есірткімен күресу адамзаттың көкейкесті мәселесі. Сондықтан онымен күресу, одан сақтану, бойын есірткіден аулақ ұстау, өзінің салауатты өмір салтын ұстану адамзаттың келешекке жетелейтін ұстанымы. Есірткіден бойымызды аулақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстанайық!
Есірткі қылмыстарына тарту көбіне интернеттегі хабарландырулар арқылы жүзеге асырылатынын ескере отырып, оның алдын алу мақсатында арнайы бейнероликтер дайындалып, департаменттің интернеттегі ресми парақшаларында жарияланып, барлық байланыс чаттары мен әлеуметтік желілерде таратылды.
Бүгінде Полиция департаменті тарапынан есірткінің заңсыз айналымымен байланысты құқық бұзушылылық түрлерімен күресу және нашақорлықтың алдын алу мақсатында өзге де маңызды іс-шаралар жүргізілуде. Осы жылы да бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылып, одан әрі жандандырылатын болады.
Шымкент қ. ПД