13.3 C
Shymkent
23 ноября, 2024
Денсаулық

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасының дәрігерлері 6 айға дейінгі баланың тамақтануының маңыздылығын түсіндірді.

Тамақпен организм қажетті заттар мен өсуге керекті пластикалық материалдарды қабылдайды. Баланы рациональды тамақтандыру оның дұрыс дене құрылысын, психикалық дамуын, ауруларға жақсы қалыптасуын қамтамасыз етеді.
1 жасқа дейінгі балаларды тамақтандырудың 3 түрі бар: табиғи, аралас және қолдан тамақтандыру.
Табиғи тамақтандыру дегеніміз-5 айға дейін баланы тек анасының сүтімен қоректендіріп, оған 1 айында шырындар, 5 айында қосымша тамақ беру.
Табиғи тамақтандырудың келесі артықшылықтары бар:
Ана сүтінің химиялық құрамы жақсы:
а/ Ана сүтіндегі ақуыздар альбуминдер және глобулиндер, олар ұйығанда өте майда сүзбе береді, оны қорыту оңай, ал сиыр сүтінде казеин, сүзбесі ірі болады.
б/ Ана сүтінің майлары қанықпаған май қышқылдарынан тұрады, олар жұмсақ майлар. Ал сиыр сүтінде қаныққан майлар, қатты, қорыту қиын.
в/ Қанттары-бетта лактоза, бифидум бактериясының өсуіне себепкер болады. Сиыр сүтіндегі лактоза-ішек таяқшасын өсіреді.
г/ Минеральды тұздардың құрамы-оптимальды.
д/ Ана сүтінің құрамында А,
Д,Е,С витаминдері бар. Сиыр сүтін қайнатқанда олар бұзылып кетеді.
Ананың сүті таза. Әр-дайым жылы.Ана сүтінде гармондар мен имунды денелер бар.Эмоциональдық фактор-кіндік кесілгеннен кейін бала мен ана арасындағы байланыс емшектің сүті арқылы сақталады.
Босанғаннан кейін бірінші күндері емшектен уыз шығады. Ол қою кілегей сарғыш сұйық зат. Уызда ақуыздар сүтпен салыстырғанда 4 есе, тұздар 2 есе көп, витаминдер, имундық денелер де көп. Уыздың құрамы баланың тканьдеріне жақын, сондықтан қорытылмай-ақ сіңеді. 4-5 күннен өтпелі сүт, екінші аптадан бастап сүт шығады.
Баланы тамақтандыру режимі
5 айға дейінгі баланы тәулігіне 6 – 8 рет тамақтандыру керек.
5 айдан бастап 5 рет тамақтандыру.
1-1,5 жастан бастап 4 рет тамақтандыруға көшіру.
5 айынан балаға 2 тамшыдан 1 шәй қасыққа дейін алма, адмұрт, сәбіз шырындарын беру, 2 аптадан соң жеміс пюрелерін беру керек.
6 айынан бастап 1-ші қосымша тамақ-көкөніс пюрелері (картоп, асқсбақ, т.б.) ірімшік, жұмыртқаның сарысы тағайындалады.
6,5-7 айынан 2-ші қосымша тамақ-ботқалар (манка, күріш, сұлы т.б.) беріледі.
7,5-8 айынан 3-ші қосымша тамақ-айран беріледі.
9-10 айынан ет сорпасы, фрикаделькалар
11-12 айында еттен котлет беруге болады.
Қосымша тамақты енгізу ережелері
Анасының сүті жетіп тұрса да 4,5-5 айлық баланың тамағын түрлендіріп, диетасын кеңейту үшін оған қосымша тамақ тағайындалады. Қосымша тамақпен бала ақуыз, майлар, қант, минералды тұздар алады.
1.Қосымша тамақ балаға емізердің алдында беріледі.
2.Жаңа тамақтарды 5-10 гр бастап әрі қарай күнде ұлғайтып отырып 2 жұманың ішінде баланың өз нормасына жеткізіп 1 мезгіл емуін алмастырады.
3. 2 түрлі тамақты бір мезгілде енгізуге болмайды.
4.Жаңа тамақтар түйіршіксіз, біркелкі, сұйықтау болуы керек, оларды балаға қасықпен беріп шайнау рефлексін дамыту керек.
Емшекпен емізуге болмайтын жағдайлар:
А. анасы жағынан-жүректің декомпенсацияланған ақауы, туберкулездің кейбір түрлері, асқынған диабет, ісікті процестер, бүйрек ауруларының ауыр түрі.
Б. ЖТБ жағынан-асфиксияның ауыр түрлері, миға қан құйылу, гемолиздік ауру.
Бұл жағдайларда балаға анасының сүтін сауып беруге болады, немесе донорлық сүт беріледі.
Аралас тамақтандыру
Сүт қоспалары бейімделген және бейімделмеген қоспалар болып бөлінеді. Бейімделген қоспалардың құрамы «ана сүтіне ұқсас». Оларға «Малютка», «Малыш», «Детолакт», «Витолакт» т.б.жатады. Бейімделмеген қоспалар қарапайым және қышқыл болып бөлінеді. Қарапайым қоспаларға сиырдың сүті, «Крепыш», «Здоровье», ал қышқыл қоспаларға-айран, биолакт, «Балдырған» жатады.
Үстеме тамақты беру ережелері
1. Бала емшек еміп болғаннан кейін беріледі, оның мөлшері баланың емшектен еміп алған сүтінің көлеміне байланысты.
2. Үстеме тамақты 37-380С-қа дейін жылыту керек.
3. Қасықпен берген жөн, ал шөлмекпен берілсе, емізіктің тесігі кішкене болуы керек.
Бақылаудан өтіп тұрады. Сүт кухнясында санитарлық-гигиеналық режим қатаң сақталуы қажет.

6 айға дейін
*Бала жылаған сайын (күні-түні) тәулігіне ең кемі 8 рет емізіңіз.
*Басқа тағам, сұйық тамақтар бермеңіз – су, шай,соктарды; жасанды қоспалар, сүт, кашаларды да беруге болмайды.
* Балада аштық белгілер білінсе: бала қозғалақтап, саусағын сорып, ерінін жыбырлата бастағанда емізу керек. Баланың жылағанын күтпей емізіңіз.
Ойнату:
болуын қадағалаңыз, ойнауға, көруге, естуге. Баланы қызықтыратын түсі жылтырақ, көлемді заттар, бұрын көрмеген жаңа ойыншықтар беріңіз.
Көңіл бөлу, сөйлеу: Баланың көзіне қарап, күліп,сөйлеу керек, әсіресе баланы емізіп отырғанда. Балаңыз өскен сайын, оған көбірек сөйлеп, әртүрлі дыбыстар шығарып, қимылдар жасаңыз.
6 айдан 12 айға дейін
*Бала жылаған сайын тәулігіне ең кемі 6 рет емізіңіз. Емізгенге дейін қосымша тамақ беруді бастаңыз.
*Мынадай қосымша тамақтарды:
— күріштің қою ботқасын, ұнтақ жарма немесе қарақұмық ботқасын, нан, картоп пюресін.
— суға пісірілген, ұсақтап туралған немесе тартылған майсыз ет, әсіресе бауыр, балық, жұмыртқа, бұршақ (қабықсыз, езіп пісірілген);
— түрлі жеміс-жидектер, көкөністер, жақсылап тазартылған, ұнтақталған жаңғақтар;
— тамаққа бір шай қасық сары май немесе өсімдік майын қосып, қоюлау қылып беріңіз;
— еметін балаға күніне 3 рет тамақ беріңіз;
-ембейтін балаға күніне 5 рет тамақ беріңіз;
-Баланың өзі шайнап жеуі үшін тағамды кішкентайынан қолына ұстатыңыз. Баланы өзі жеп үйренуге дағдыландырыңыз.
Ойнату: Бала өзі қолына ұстап, салдыратып, лақтырып ойнауы үшін үйдегі таза, қауіпсіз заттарды беріңіз.
Сөйлесу: Балаңыздың уілдегеніне, күлгеніне көңіл бөліп, қуанып, жауап беруге тырысыңыз. Балаға заттардың, адамдардың атын айтыңыз.
12 айдан екі жасқа дейін
*Баланы емізуді жалғастыра беріңіз
*Балаға өздеріңіз ішетін тағамдардан беріңіз, оның ішінде:
-ұсақтап туралап, немемсе тартылған (майсыз) ет, бауыр, балық, піскен жұмыртқа, бұршақ;
-түрлі жеміс-жидектер, көкөністер, жаңғақтар;
-сүт және сүт тағамдары (ірімшік, айран, сүзбе, сыр, кефир).
*Балаға берілген әрбір негізгі қосымша тағамның көлемі 300 мл-ден (1,5 стакан) кем болмау керек.
*Балаға күніне 5 рет тамақ беріңіз. 3 рет өздеріңіз ішетін тағамдардан; 2 рет қосымша берілетін тағамдар, жемістер, нанға май жағғып, еттен жасалған бәліш, қаймақ қосқан ірімшік.
*Баланы жақсылап тамақтандырыңыз.
Ойнату: Баланың ойнауға алуына, жинауына, қатарластырып қоюына ыңғайлы әр түрлі көлемдегі заттар беріңіз.
Сөйлесу: Балаға мжеңіл сұрақтар қойыңыз, сізбен сөйлескісі келген балаға бар ықыласыңызбенкөңіл бөліп, сұрақтарына дұрыс жауап беріңіз. Заттардың, адамдардың аттарын айтып, үйретіңіз. Қарапайым ойындарды ойнатыңыз.
2 жас және одан асқан балаларға:
*Балаға өздеріңіз ішетін тағамдардан беріңіз, оның ішінде: ет, бауыр, балық, жұмыртқа және бұршақ.
-бүрлі жеміс-жидектер, көкөністер.
-Балаға 3 мезгіл өздеріңіз ішетін тағамдардан беріңіз!
Балаға берілетін әрбір әрбір негізгі қосымша тағамның көлемі 350 мл-ден
-2 рет қосымша тамақтар беріңіз,
-жеміс-жидектер;
-кефир немесе айран бөлке нанмен;
-еттен немесе ливерден жасалған бәліш;
-қаймақ қосқан құймақтар.
*Сатып алынған газы бар сулар мен соктарды, тәттілерді (конфеттер, шоколад) беруді шектеңіз.
* Тағам түрлерін жиі өзгертіңіз, егер бұрын ішпеген тағамын ішпесе, дәмін көрсін, қайта-қайта беріңіз. Тағамның тәтті екендігін өзіңіз ішіп, көрсетіп, қызықтырыңыз.
Ойнату: Балаңызға санауды, заттардың атын айтуды, салыстыруды үйренуге ықпал етіңіз. Ойнауға жеңіл ойындар ұйымдастырыңыз.
Сөйлесу: балаңыздың істеген ісін, сөйлеген сөзін мақтаңыз. Сұрақтарына жауап беріңіз. Балаңыздан әңгімелер, өлең айтуға және аспаптарда ойнауға үйретіңіз.

Бөлісу

Related posts

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасында АЭС бойынша жиын өтті.

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасында МӘМС тізбесін жариялады.

AdiletTV

Түркістан облысы: МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізді қалай тексеруге болады?

AdiletTV

Leave a Comment