adilettv

Шымкент қаласы: Еңбек адамы- Абдуллаевтар жанұясы.

Бірлігі бекем Абдуллаевтар жанұясы – елге сыйлы, көпке үлгі отбасылардың бірі. Бүгінде мұнда болашағынан зор үміт күттіретін 5 ұл 4 қыз тәрбиеленуде.
Балалардың әкесі Абдуллаев Жора – Шымкент қаласы Полиция Департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың взвод командирі, полиция майоры. Ішкі істер органдарында 2009 жылдан бері қызмет етеді. Отағасы қызметте қырағы сақшы, отбасында қамқор әке, өмірде өте қарапайым азамат. Ал, үйдегі жеңгеміз ақ халатты абзал жан. Алтын алқа иегері. Осы кісілердің бір-біріне деген шексіз құрметі мен кіршіксіз махаббатының арқасында, елге адал қызмет ететін, білімді әрі тәрбиелі жас ұрпақ өсіп келеді.
Мерейлі отбасыға бақыт, байлық, денсаулық тілейміз! Келе жатқан Отбасы күні құтты болсын!

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА: ШЫМКЕНТТЕ ОРТА АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ САЛЫНУДА

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы ауданының тұрғындар назарына!

AdiletTV

«Таза Казахстан»: жители Шымкента и молодежь приняли активное участие в масштабной экологической акции

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз