6.3 C
Shymkent
21 ноября, 2024
Полиция

Шымкент қаласы: полицейлер ішінде жарты миллион теңге бар жоғалған сөмкені иесіне қайтарды

Полицияға қомақты қаржысын жоғалтқаны туралы Түркістан облысының тұрғыны арызданды. Ер адамның айтуынша, ол барсеткасын автокөлік жолында түсіріп алған болуы мүмкін.
Хабарлама бойынша жедел басқару орталығының инспекторлары көшедегі бейнебақылау камераларындағы жазбаларды толық қарап шығып, ер адамның қозғалыс бағытын тексерді. Нәтижесінде сөмкені сол жолдан жүріп өткен көліктің жүргізушісі алып кеткені анықталды. Автокөлікті тауып, тоқтату үшін патрульдік полиция полкінің қызметкерлері бағытталды.
Осылайша, екі сағат ішінде тәртіп сақшылары жоғалған сөмкені тауып, ішіндегі ақшасымен бірге иесіне қайтарып берді.
Өз кезегінде азамат құқық қорғаушыларға жедел жұмысы мен адалдығы үшін шын жүректен ризашылығын білдірді.
Полицейлер олардың көмегіне мұқтаж адамдардың үмітін ақтау үшін әрқашан бар күш-жігерін салатынын атап өтті.

Бөлісу

Related posts

Шымкент қаласы: Еңбек Адамы- Қуаныш Сағналыұлы

AdiletTV

Шымкент қаласы: Еңбек Адамы- криминалдық полиция саласының кызметкері полиция полковнигі Сұлтан Асанұлы Үсіпбеков

AdiletTV

Шымкент қаласы: есірткі қылмысына қарсы күрес жұмыстары жүргізілді

AdiletTV

Leave a Comment