Ордабасы аудандық орталық аурухансында (АПВ вакцинасы) адам папилломасы вирусына қарсы екпе егу (вакциналау) науқаны басталды. Екпе егу жатыр мойны обырынан, аногенитальды сүйелдерден және басқа аурулардан, АПВ-ның кейбір түрлерінен қорғауға арналған. Біз барлық ниет білдірушілерді екпе алуға және өз денсаулығына қамқорлық жасауға шақырамыз. Әсіресе жыныстық қатынас басталғанға дейін екпе егілген болса, вакцина тиімді және қауіпсіз.
Егілген жағдайлардың арасында иммундаудан кейін қолайсыз көріністер тіркелген жоқ.
Бүгінгі күні АПВ-ға қарсы вакцинация еліміздің 9 өңірінде – Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар, Жетісу, Түркістан облысы, Ұлытау, Ақмола облыстарында және Астана қаласында жүргізілуде.
АПВ-ға қарсы вакцинацияны қоса алғанда кез келген вакцинация кәмелетке толмаған баланың ата-анасының немесе оның қамқоршысының ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін ғана жүргізілетінін атап айту қажет.
Бүгінгі күні папиллома вирусын жұқтырудың және жатыр мойны обырының дамуының алдын алудың жалғыз әдісі вакцинация болып табылатынын еске саламыз.
Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі, орта есеппен 600-ден астам әйел осы патологиядан қайтыс болады.Ордабасы аудандық орталық ауруханасында бүгінгі күні (АПВ вакцинасы) адам папилломасы вирусына қарсы екпе егу (вакциналау) науқаны басталды. Екпе егу жатыр мойны обырынан, аногенитальды сүйелдерден және басқа аурулардан, АПВ-ның кейбір түрлерінен қорғауға арналған. Біз барлық ниет білдірушілерді екпе алуға және өз денсаулығына қамқорлық жасауға шақырамыз. Әсіресе жыныстық қатынас басталғанға дейін екпе егілген болса, вакцина тиімді және қауіпсіз.
АПВ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ
Жыныстық қатынаста тек бір жыныстық серіктес болғаны дұрыс. Бұл әдіс жыныстық жолмен берілетін барлық инфекциялардан, оның ішінде АПВ-дан қорғауға мүмкіндік береді.
Тосқауыл контрацепциясын қолдану – жеңіл, қолжетімді, бірақ әрқашан инфекциядан 100% қорғай бермейді. Науқас тіпті зақымдалған теріге тиген кезде де вирус жұқтыруы мүмкін.
Мерзімді профилактикалық тексерулер. Қыздар гинекологиялық тексеруден тұрақты түрде өтуі керек. Осылай аурудың алғашқы белгілерін анықтап, оны емдеуді уақтылы бастауға болады.
Вакцинация – тиімді және ыңғайлы профилактикалық әдіс! Вакцинация ерлерге де, әйелдерге де жасалуы мүмкін. Ғалымдардың пікірінше, 11-13 жас аралығындағы қыздарды вакцинациялау жатыр мойны обырының даму қаупін 90% — дан астамға төмендетеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша 2024 жылдың қыркүйегінен бастап 11 жастағы қыздарды АПВ жоғары онкогенді түрлеріне қарсы 4 валентті вакцинамен егу жоспарлануда. АПВ вакцинасы 6 айлық аралықпен 2 рет егіледі. АПВ-ға қарсы 2 валентті вакцина 16, 18 типті антигендерінен және 4 валентті вакцина 6, 11, 16, 18 типті антигендерінен тұрады. Қолданыстағы вакциналардың тиімділігі өте жоғары.
Адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау ҚР Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді, екпе ата-аналардың ақпараттық келісімімен, тегін жүргізілетін болады.
Айта кету керек, АПВ вакцинасын әлемнің 110-нан астам елінде, оның ішінде Өзбекстан және Қырғызстан Республикалары сияқты көршілес елдерде егуде.