-0.7 C
Shymkent
24 ноября, 2024
полиция

Шымкент қаласы: ІІМ терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске салды

Терроризм актісі — адамдардың қаза табу қаупін төндіру, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер бұл іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың шешімдер қабылдауына әсер ету мақсатында жасалса, сондай-ақ нақ сол мақсаттарда адам өміріне қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында оның өміріне қастандық жасау саналады.
Терроризмнің обьектісі қоғамның қауіпсіздігі болып табылады. Қосымша обьектісі адамдардың өмірі мен денсаулығы. Сондықтан, терроризмді көп обьектілі қылмыс түріне жатқызады.
– Құрметті азаматтар! Соңғы кезде білім беру мекемелерінде орнатылған жарылғыш заттар туралы жалған хабарламалар жиілеп кетті. Барлық осындай фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Айта кету керек, мұндай қылмыс жасаған адамдар арасында кәмелетке толмағандар жиі кездесуде. Жыл басынан бері 168 қылмыстық іс қозғалып, 31 адам ұсталды, оның ішінде 12-сі кәмелетке толмаған бала. 13 адам сотталды, оның ішінде екеуі жасөспірім. Алты ата-анаға айыппұл салынды. Әрбір жалған хабарлама тұрғындар арасында үрей тудырып, мекемелердің жұмысына кедергі келтіреді. Олар материалдық шығын әкеліп қана қоймай, шұғыл қызметтердің уақытын алады. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама үшін 5000 АЕК-ке дейінгі айыппұлдан бастап, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл қылмыс үшін 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік көзделеді. Егер кәмелетке толмағанның жасы 14 жастан аспаса, онда бұл жағдайда оның ата-анасы тәрбиелеу бойынша міндеттемелерін атқармағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Бұдан бөлек, сот шешімімен ата-аналар шұғыл қызметтердің шақыртуға шығып, нысандарды тексеруге кеткен шығынын өтеуге міндеттеледі. Ішкі істер министрлігі ата-аналарды балалардың мінез-құлқына ерекше назар аударуға шақырады. Жасөспірімдерге осындай әрекеттердің соңы неге әкелетінін түсіндіріңіздер. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар үшін қатаң жаза қарастырылатынын еске сақтаңыздар. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бірлесіп қана, біз балаларымыз үшін қауіпсіз орта құра аламыз, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Бөлісу

Related posts

В МВД рассказали о противодействии интернет-мошенничеству, передает Polisia.kz.

AdiletTV

Шымкенттік полицейлер қала мектептерінде «Нашақорлыққа-жол жоқ!» іс-шарасын өткізіп жатыр.

AdiletTV

Шымкент қаласы: Еңбек Адамы-Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің аға инспекторы Қуандық Бейбарыс!

AdiletTV

Leave a Comment