5.3 C
Shymkent
21 ноября, 2024
adilettv

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасында «Баланың дамуын бақылау» атты аналарға үнпарақтар таратты.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының «Баланың дамуын бақылау» бөлмесінің мейірбикесі Шынарбекова Назгул жүкті әйелдерге емшекпен емізудің маңыздылығы туралы айтылып, үнпарақтар (брошюра) таратылды.
Емшек емізудің пайдасы қандай?
— Нәрестенің иммундық жүйесі әлі де жеткілікті дамымаған және табиғи тамақтанатын нәрестелер ананың емшек сүтінің иммундық факторларының көмегімен вирусты инфекциялармен аз ауырады, оларды жеңіл көтереді және тезірек жазылады. Осылайша, емшек сүті жылдың суық мезгілінде тұмаудан, ал ыстық кездерде — ішек инфекцияларынан қорғайды.
— ана сүтімен тамақтанған балалар демікпеден, диареядан, құлақ инфекциясынан, екінші типті диабеттен аз зардап шегеді;
— баланың емшекті ему актісі дұрыс тістеуді қалыптастырады және тіс жегінің алдын алады;
— балаға емшек емізу миының және баланың ақыл-ой қабілеттерінің жақсы дамуына ықпал етеді;
— емшек емізу болашақта балаға әлеуметтік және мәнсап сатысында жылжуға көмектесуі мүмкін;
— емшек емізу ана мен бала арасындағы байланысты орнатуға көмектеседі.
Емізудің мұндай тәсілі балалар үшін пайдасынан басқа, ананың денсаулығына да оң әсер етеді. Емшекпен емізу балалар тамағына жұмсалатын қаражатты үнемдеуге көмектеседі, ана мен баланы жақындастырады, сондай-ақ диабеттің, сүт бездері, аналық бездердің обырының және ананың босанғаннан кейінгі күйзелісінің пайда болу қаупін төмендетеді.

Бөлісу

Related posts

ШЫМКЕНТ ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ЖӘНЕ САТИРА ТЕАТРЫНЫҢ ҰЖЫМЫ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

AdiletTV

Министр қызметтен кететінін туған күні қарсаңында білген деседі

AdiletTV

Голливуд компаниясы Қазақстанда фильмдер түсіруді бастайды

Leave a Comment