11.3 C
Shymkent
18 октября, 2024
adilettv

ШЫМКЕНТТЕ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫ ТЕРГЕУ САПАСЫН ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Шымкентте интернет-алаяқтыққа қатысты қылмысты тергеу сапасын жетілдіру бойынша семинар-кеңес өтті. Тергеу департаментінің бастығы Мұхтар Қожаевтің төрағалығымен өткен іс-шараға Шымкент қаласы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары бойынша полиция департаменттерінің тергеушілері және прокуратура, сот, қаржылық мониторинг агенттігі және екінші деңгейдегі банктердің өкілдері қатысты. Кездесу ҚР ІІМ Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығында ұйымдастырылды. Шараға қатысушылар ғаламтордағы алаяқтықпен байланысты қылмыстық істерді тергеу процесінде туындайтын проблемаларды және оларды шешу және құқық бұзушылықтардың алдын алу жолдарын талқылады. Онлайн түрде жасалатын алаяқтықтың профилактикасы мен оны болдырмау мақсатында полицейлермен кешенді шаралар қабылданып, белсенді жұмыс атқарылып келеді.

Аталған қылмыстармен күресу үшін арнайы “Киберпол” бөлімдері де құрылған. Тұрғындармен интернет-алаяқтықтың құрбаны болмас үшін және одан сақтану бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылды. Көшпелі семинар-кеңес қатысушылары тәжірибе алмасып, интернет-алаяқтықты тергеу сапасын жақсартуға ықпал ететін тәсілдер туралы пікірлерімен бөлісті.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент пен Сиань қалалары арасында ынтымақтастық артады

ПАРИЖСКОЕ СОГЛАШЕНИЕ И ПАРНИКОВЫЕ ГАЗЫ: КАКИЕ ИСТОЧНИКИ ЭНЕРГИИ ВЫЗЫВАЮТ БОЛЬШЕ ВСЕГО ВЫБРОСОВ CO₂?

AdiletTV

город Шымкент: МВД напомнило, что за ложное сообщение об акте терроризма предусмотрена ответственность.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз