16.3 C
Shymkent
2 ноября, 2024
Полиция

Шымкенттің барлық оқу орындарында «Адалдық сағаты» өтті

Дәстүр бойынша жаңа оқу жылының басында өңірдің мектептерінде, колледждерінде және жоғары оқу орындарында «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» тақырыбында адалдық сағаты ұйымдастырылды. Қоғам белсенділерімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілермен, бейінді басқармамен, жоғары оқу орындарының ректоратымен бірлесіп оқушылар, студенттер мен оқытушыларға сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы айтып, оқуда және өмірде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін адал еңбектің пайдасы туралы мәлімделді.
«Адалдық сағаты» республикалық акциясының мақсаты:
Өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңдіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру;
Мейірім, сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
Отан алдындағы борышыңды адал орындауға шақыру, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу;
Денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, адал, әділ, таза жүректі, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыру;
Өзін Отанының тең құқылы бір мүшесі ретінде сезінуіне, ересек адам ретінде пікір айта алуына дағдыландыру, адами құндылықтарды ұстануға тәрбиелеу.
Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі екендігі жете түсіндірілді. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті деуге болады. «Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық — пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Осы тақырыпты оқушылар алдыңғы «Адалдық сағаттарында» да талдап, өз ойларын қағаз беттеріне де түсіріп, ортаға салып қорғап еді. Осы «Адалдық сағатын» көре отырып, әрбір оқушының бойына адалдық қасиетінің ұрығы себілді десе де болады. Ойландыратын бейнефильм көріп, ойланып, тұжырым жасап, мейірім, адалдық қасиеттерін шыңдай түсті.
Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де кездестіруге болады. Осы тұста ұлы тұлғалардың осы тақырып төңірегінде айтқан ой толғамдары да айтылды.
Абай шығармаларын отбасында оқу – талдау – тамаша тәрбиенің негізі болмақ. Абай өмірі кейінгі ұрпаққа үлгі болу керектігі де баяндалды.
«… Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!…»-деп, Абай болашақ ұрпаққа өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Абай шығармасының сая бағында өсу, тәрбие алу – қазақ халқының бүгінгі ұрпақтарының негізгі, басты міндеттерінің бірі. Ұлы данышпан Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Маңызын жоймау былай тұрсын, қазіргі заманда бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсті. Бұған жастарға, жеткіншектерге берілетін әрбір сабақтың Абаймен бірге өрілетінінің куәсі болып отырмыз.
Шын мәнінде нағыз адам болу үшін адамгершілікке тән, жағымды жақсы қасиеттер, жақсы сипаттар – адамдық, әділеттік, достық, махаббат, ар-намыс, сабырлық, батырлық т.б. толып жатыр.Солардың ішінен ақын жастардың бойындағы адамгершіліктің негізгі қасиеттері, «Бес асыл іс»: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым туралы даналық ой қозғауының өзіндік мәні бар. «Бес дұшпан» — Абай айқындап берген адамгершілікке жат этикалық-әдеп нормалары.
Адамды адам етіп тұрған Ар екендігін, тіпті өлім төніп тұрса да Ар сатуға болмайтындығын, халық санасында «өлімнен ұят күштіні» терең түсінген Абай – қазақтың тарихына ой жүгірте отырып: «Аты аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен…», «өзіне ар тұтқан жаттан зар тұтады», — деп түйеді. Абай түсінігінде әр адамның ең үлкен күнәсі, міні, өзінің өз ары алдында жасалған рухани қылмысы – арын сату, арсыздыққа салыну, ұяттан безу. «Ант ішіп күнде берген жаны құрсын, Арын сатып тіленген малы құрсын, Қысқа күнде қырық жерге қойма қойып, Қу тілімен қулық салған заңы құрсын». Адам болудың бір шарты – Ұят деген ұғымды бойға сіңдіру. Ұят дегеніміз – адам бойындағы адамгершілікке жат, жаман қылықты, істі өз мойнына алып, өзіңді-өзің сөгу, өзіңе-өзің ұрсу, өзіңді-өзің дұрыс, әділ, адал жолға салу дейді.
Ақын адамгершілік, мораль мәселесін сөз еткенде жақсылыққа: адамшылық, адалдық, әділеттілік, берекелік, достық, білімділік, еңбеккерлік, терең ойлылық, ерлік, жомарттық, қайраттылық,, кісілік, қанағатшылдық, рахымдылық, махаббат, арлылық, намысқойлық, сабырлық, сертке беріктік, табандылық, татулық, тәуекелшілдік, шүкіршілік т.б. қасиеттерді, жамандыққа: арамдық, азғындық, айлакерлік, парақорлық, арызқойлық, тәкаппарлық, сараңдық, алдампаздық, сайқалдық, даңққұмарлық, әділетсіздік, әдепсіздік, пәлеқорлық, паңдық, әсемпаздық, бақастық, борышқорлық, өсекшілдік, надандық, менмендік, әсемпаздық, еріншектік, әулекілік, есерлік, жалақорлық, мақтаншақтық, жарамсақтық, залымдық, жылпос-тық, қияңқылық т.б. жиіркенішті мінез-құлықтарды жатқызады. Абайдың негізгі этика, адамгершілік, түсініктері әділдік пен әділетсіздіктің ұғымдық мәнін, арақатынастарын түсінуге арналған. Абайдың адамгершілік туралы, Адам деген атқа лайық сілтеген бағыттары, көрсеткен жолдары ақынды бізге жақындата түседі.
Абай өткеннің ғана Абайы емес, біздің қасымызда жүрген, қазақ халқының басына қиыншылық түскенде дем беруші, рух беруші пайғамбарымыз, рухани көсеміміз. Абайдың адамгершілік туралы этикалық ойлары, пікірлері өз халқының ұрпақтарына әрқашан қуат бере бермек. Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық, адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келедіСөз сөйлеу барысында қаланың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің спикерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылықтар, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, Агенттікпен қолға алынған жобалар туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік туралы айтып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жұмысқа орналасу тәртібін түсіндірді.
Жалпы кездесу бағдарламасымен 100 мыңнан астам педагог пен оқушы қамтылды.
Жастармен кері байланыс орнату мақсатында осы тұрғыдағы іс-шараларды үнемі өткізу жоспарлануда.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Автора наркограффити задержали в Шымкенте

AdiletTV

Шымкент қаласы: мектеп жасындағы балалардың құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақырды

AdiletTV

Шымкент қаласы: құқық қорғаушылар мен еріктілер есірткі қылмысына қарсы күресте бірікті

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз