Полиция

Шымкентте есірткі граффитиінің авторы ұсталды

Шымкент қаласы полиция департаментімен «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында граффити түрінде есірткі жарнамалағаны үшін Д есімді азамат ұсталды.
34 жастағы қала тұрғынының үйінен есірткі сататын сайттарды ғимарат қабырғаларына бейнелеуге арналған 6 дана трафарет табылып, тәркіленді.
Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлері тергеу әрекеттерін бастады.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Атап өтейік, есірткі заттарын насихаттау және заңсыз жарнамалау үшін заңнамаға сәйкес 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделген.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: Есірткі заттарымен заңсыз айналысу мәселесіне қатысты брифинг өткізілді

AdiletTV

Шымкент қаласы: «Жолда қабылдау» акциясы барысында полицейлер 200-ге жуық сауалға жауап берді

AdiletTV

Жемқорлыққа қарсы еріктілер Шымкент қаласындағы Қонаев даңғылының құрылысын бақылауды жалғастыруда

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз