10-қыркүйек – Дүниежүзілік өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу күніне орай және Мемлекет басшысының Жарлығымен «Отбасы күні» қыркүйек айының екiншi жексенбiсiне сәйкес келуіне байланысты, Арнайы жасақ қызметкерлерімен «АДАМНЫҢ ӨМІРІ — ЕҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ» тақырыбында ерекше форматтағы психологиялық воркшоп (workshop) өтті.
Аталған іс-шарада жасақтың инспектор-психологы полиция майоры Тастемирова Ақерке Еркінқызы «Отбасы — бақыт мекені» презентациясын жасап және арнайы шақыртумен практикалық психолог, Мәскеу гештальт және психодрама институтының (MИГИП) тренері, Қазақстан психологтар одағының эксперті Асанова Салтанат Сайлауқызы «Суицидалды мінез-құлықтың шығу себептері және алдын алу жолдары», сондай-ақ «Az-UIA (Әз-Ұя)» қоғамдық бiрлестiгiнің атқарушы директоры Боранбек Алтынбек Срайылұлы «Отбасы құндылықтары, Әке мен бала қарым-қатынасы» жайлы сөз қозғады.
Сонымен қатар шарада Адамзат баласының өз-өзіне қол жұмсап өлтіруін ғылыми тілде суицид деп атайды. Суицид дегеніміз – бұл саналы түрде өмір сүруді тоқтату, яғни осы тұрғыдан қарағанда өзіне-өзі қол жұмсау адамның мінез-құлық актісі болып табылады. Адам өмірінің ең басты құндылығы тіршілік. Өмірге бір күннің ішінде мыңдаған адам келіп жатса, мыңдаған адам бақилық болып жатады. Көптеген адамдар талқаны таусылып Жаратушы қалауымен өмірімен озатындарын айтпағанда, өз өміріне өздері балта шауып, ажалынан бұрын өмірімен қоштасатындары қаншама? Әлемді алаңдатып отырған осы мәселе соңғы жылдары өршіп келеді. Қазіргі таңда қанды қылмыс пен соғысқа қарағанда, әлемде өз-өзіне қол жұмсау салдарынан өмірден өтетіндер саны көп екен.
Бұл қауіпті құбылыстың біздің еліміздегі көрінісі де көңіл қуантарлықтай емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеулері нәтижесіне сүйенсек, өзін-өзі өлтіру жөнінен Қазақстан үшінші орынға, Орталық Азия елдері бойынша бірінші орында тұр екен. Осыған сәйкес, жалпы әлемде әрбір 40 секунд сайын, елімізде әр сағат сайын бір адам өз-өзіне қол жұмсайты анықталды.
Әдебиеттерде суицидтік әрекеттерді көбінесе «аутожарақат», «аутоагрессия» деген терминдермен байланыстыра қарайды. Егер аутоагрессия актінің соңғы мақсаты – өзіне-өзі қол жұмсау болса, онда оны суицидтік әрекетке жатқызу керек. Сонымен қатар, қасақана дене мүшесін зақымдауды, психоз күйіндегі адамдардың аутоагрессивті актілерін және осындай басқа да іс-әрекеттерді суицидтік әрекетке жатқызуға болмайды. Жәбірленушінің немесе есі дұрыс емес адамның абайсызда өз өмірімен қоштасуы өзіне-өзі қол жұмсауға жатпайды. Мұндай жағдайларда өмір үшін қауіпті іс-әрекеттер өзін-өзі өлтіруге бағытталмайды және олардың басқа да себептері мен мақсаттары болады, сондықтан оларды жазатайым оқиғалар санатына жатқызу керек. Суицидтік мінез-құлық – бұл өзіне қол жұмсау туралы ойларға бағытталған психикалық актілердің сыртқы және ішкі нысандары. Ішкі нысандарға суицидтік ойлар (елестету, уайымдау); суицидтік үрдістер (ниет, мақсат) сыртқы нысандарға – суицидтік көріністер, суицидке оқталу (әрекеттену) жатады. Суицидтік ойлар (елестету, уайымдау) – өмірдің мағынасыздығы, құнсыздығы туралы пассивті ойлар («өмір сүруге тұрғысыз», «өмірде бақыт жоқ», «өмір сүрмейсің тек қана күнелтесің»), сондай-ақ өз өлімі туралы фантазиялар («өлсем жақсы болар еді», «ұйықтап содан қайта оянбасам»), бірақ өзіне-өзі қол жұмсамау. Қандай да бір қақтығысты немесе жүйкені зақымдайтын жағдайларды бастан кешкенде әдетте суицидтік ойлар барлық адамдарда кездеседі, бірақ олар суицидтік үрдіске ұласпайды. Суицидтік үрдіс (ниет, мақсат) – өзіне-өзі қол жұмсауды жан-жақты қарастыру, суицидтің жоспарын әзірлеу, өзіне-өзі қол жұмсау әдістерін, оның уақыты мен жүзеге асыратын орнын белгілеу болып табылады. Бұл ретте суицидттік әрекетті тікелей орындауға ниеттенуге байланысты сыртқы мінез-құлықта қобалжу байқалуы мүмкін. Осы кезеңде суициденттер көп жағдайларда өзінің суицидтік ниеттерін туыстарына, достарына, тұспалдап немесе әзілдеп (суицидтік көрініс) жеткізеді. Суициденттердің ішінде шамамен 15% мұны ашық және көпшілік алдында білдіреді. Қоршаған орта осындай ашық жариялауларды әдетте шындық ретінде қабылдамай, көбінесе көңіл аудармайды. Алайда оларды бағалауға болмайды. Осындай барлық жағдайда, яғни ашық пікірлер айтылған кезде міндетті түрде психологтың кеңесі қажет.
Суицидтің алдын-алу мақсатында жүргізілетін негізгі жұмыстар:
Психолог, әлеуметтік педагог және оқушы арасында сенім қалыптастыру;
Оқушы отбасымен тығыз байланыста болу;
Баланың балалық шағын қорғау үдерістерін іске қосу;
Оқушыға жеке көмек беру (құпия түрде);
Қорытындылай келе өмірін өз қолымен қиған жастар қатары жыл санап артып келеді. Ал, оның алдын алу шаралары өз деңгейінде жүргізілмей жатыр. Айталық, суицидке қарсы ақпараттық-насихат жұмыстары. Теледидар арқылы оған қарсы жарнама немесе бейнероликтер қаншалықты көрсетіліп жатыр? Көрдіңіз бе? Бар мәселенің өзегі тәрбие екендігін әлем ғалымдары мойындап қойды бүгінде. Ал, қандай тәрбие? Бұл сұраққа да тұтыға жауап беретініміз де айқын. Өйткені, өз баласына күніне 15-ақ минут уақыт бөлетін ата-ананың балаға қандай тәрбие беруі мүмкін. Бұл жағдайда бала өзін-өзі тәрбиелейді. Шеше емес, көше тәрбиелейді. Арты өкінішті жағдайға соқтырып жатқанын айтудың өзі артық. Дін тұрғысынан берілген тәрбие баланың мұндай қадамдарға баруының алдын-алып қоймай, оны көркем мінезді, ақылды әрі қайбір сынаққа болсын сынып қалмай, көтере білетін тұлға қылып қалыптастырады. Өйкені, мұсылман елдерінде суицид жоқ. Бұл деректі жоғарыда келтірдік те. Ендеше бала тағдыры, ұрпақ тағдыры өз қолдарыңызда. «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің психолог маман А.Джахаева.
Жасақ қызметкерлері психологиялық воркшопқа белсене араласып, жеке ойларымен бөлісіп, тренингтік жаттығулармен аяқталды. Шақырылған қонақтар алғыс хатпен марапатталып, «Шымкент Полициясы» танымдық кітабы табысталды.