adilettv

Шымкент қаласы ПД ескертеді!

Құрметті шымкенттіктер!
Шымкент қаласы полиция департаментінің ұйымдастыруымен және қала әкімдігінің қолдауымен 2024 жылғы 26 кыркүйек сағат 09:00-де Шымкент қаласы N.Nazarbaev даңғылы «Астана» алаңында «Шымкент – есірткісіз қала» жалпықалалық алдын алу науқаны өтеді.
Мақсаты – есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестер жарнамаланған орындарды анықтап жою, есірткі қылмыстарын жасағаны үшін заңды жауапкершілікті ескерту, қоғам арасында есірткіге қарсы теріс көзқарас қалыптастыру, азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мен нашақорлықтың алдын алу, сонымен қатар интернет-алаяқтықты ескерту мен өзге де құқық бұзушылықтар бойынша, есірткімен күресу жұмыстарында полиция, жергілікті атқарушы орган мен халық арасында ынтымақтастықты нығайту.
Осыған орай, есірткіге қарсы науқанға қатысуға шақырамыз! Бізге сіздердің көмектеріңіз қажет!
Егер сіз есірткісіз өмір сүруді қолдасаңыз және қауіпсіз, салауатты қоғам құруға үлес қосқыңыз келсе, бізге қосылыңыз. Біз барлық қатысуға ниет білдірушілерді көруге қуаныштымыз.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

В Шымкенте прошла первая глобальная цифровая конференция Центральной Азии — Global Tech Wave Central Asia

AdiletTV

ШЫМКЕНТЕ ТОРЖЕСТВЕННО ОТМЕТИЛИ ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ И 35-ЛЕТИЕ ДЕКЛАРАЦИИ О ГОСУДАРСТВЕННОМ СУВЕРЕНИТЕТЕ

AdiletTV

В Туранском АПБ ДП Шымкент за 11 месяцев 2024 года зарегистрировано 395 преступлений в отношении женщин.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз