0.3 C
Shymkent
22 ноября, 2024
adilettv

Шымкент қаласы: полицейлер халыққа есеп беру кездесуін өткізіп интернет-алаяқтықпен күрес жұмыстары туралы айтты.

Абай ауданы полиция басқармасының қызметкерлері қала тұрғындармен кездесу өткізді. Жиында аудандық полиция басқармасының №5 учаскелік полиция пунктінің жауапты учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Коштаев Бауыржан Калдыбаевич әкімшілік аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы тұрғындардың алдында есеп берді.

Іс-шараға Абай ауданы полиция бсқарма бастығы Алтаев Ернар, аудан әкімі аппарат басшысы Шерхан Үсенұлы, Абай ауданының прокурорының орынбасары әділет кеңесшісі Валиев Князь Сабирович, Шымкент қаласы ішкі істер органы мен ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полиция полковнигі Жандарбеков Қажымұхан Аметұлы қатысты.

Тұрғындарға учаскелік инспектордың ағымдағы жылдың сегіз айында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында атқарылған жұмыстар мен іс-шаралар туралы есеп берілді.
Сонымен қатар, жиында Есірткінің заңсыз айналымымен байланысты құқықбұзушылықтармен күресу барысы, олардың алдын-алу және тиімділігін арттыру жолдары бойынша Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Карбеков Бауыржан және Криминалдық полиция басқармасының «Киберпол» тобының жедел уәкілі Айсаев Алишер «Интернет-алаяқтық қылмыстарының түрлерімен оның алдын-алу, азаматтардың құқықтық сауаттын арттыру» туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиын барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді. Кездесу соңында полиция қызметкерлері азаматтарды қандай да бір орын алған қылмыстың куәсі болған жағдайда тез арада учаскелік полиция инспекторларына немесе «102» нөміріне хабарлап, кез келген құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділікпен» қарауға шақырды.

Бөлісу

Related posts

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасында МӘМС пакеті бойынша жоспарлы стоматологиялық көмекті қалай алу керектігі айтылды.

AdiletTV

Гүлмира Сатыбалдыға үкім шықты

Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев отставкаға кету туралы өтініш берді.

Leave a Comment