0.3 C
Shymkent
22 ноября, 2024
Полиция

Шымкент қаласы: құқық қорғаушылар мен еріктілер есірткі қылмысына қарсы күресте бірікті

Өткен сенбіде үш жүз адам ғимараттардың, қоршаулардың және басқа қасбеттердің сыртқы қабырғаларында қалдырылған граффити суреттер түріндегі есірткі жарнамаларын бояп өшірді.
Кең ауқымды акцияға жергілікті полиция қызметі, прокуратура қызметкерлері, коммуналдық қызмет, «Жастар ресурстық орталығының» өкілдері және еріктілер қатысты.
Есірткі заттарын тұтыну мен өткізуді насихаттау жүзеге асырылатын интернет-ресурстардың нөмірлері мен атаулары көрсетілген граффити жазбалар Әл-Фараби ауданының аумағында іздестірілді. Мұндай жазбаларды анықтау үшін акция қатысушылары аулаларды, көшелерді, үйаралық аумақтарды мұқият қарап шықты.
Рейд нәтижесінде есірткі жарнамасы бар жарты мыңнан астам сурет жойылды.
– Есірткі сатушылар үшін жас пен әлеуметтік статус маңызды емес. Олар тіпті кәмелетке толмағандар арасында клиенттер мен көмекшілерді іздеп, тыйым салынған заттар курьерінің жұмысын ұсынатын сайттарды қасбеттерде қалдырады. Айта өтсек, полиция қызметкерлерімен жыл басынан бері есірткі таратқаны үшін 50ден астам адам ұсталды, – дейді Шымкент ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасында.Нашақорлық – әлеуметке ортақ проблема, қоғамның дерті. Жер бетінде миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан бұл ауру әлемдік трагедия, өз ауқымы жағынан дүниежүзілік соғыстармен тең. Әр қоғамның өзiнiң бас ауыртар iрi-iрi мәселесi болады. Қоғам өркендеп адам ой-санасы дамыған сайын оған төнер дерт кесел де ғаламаттай қуаттанып, бой бермес бас асаудай күшейе түсетiн түрi бар. Өкiнiштiсi сол, қарап отырсаңыз осындай ем қонбайтын кеселдi, дерттердi адамдар өздерi ойлап табады.
Нашақорлық– есірткі заттарына паталогиялық құмарлық. Нашақорлық– бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет.Есірткіні қолданудың және оған кіріптар болудың зардабы сол: одан құтылу мүмкін емес.Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің тұзағына түсіп қалған адамдар көбейіп келеді. Нашақорлық–жеке тұлғаның толық бұзылуы. Нашақорлықты емдеумен айналысатын мамандар оны «биопсихоәлеуметтік рухани» бұзылыс деп атайды. Яғни есірткіге тәуелді адам бірте-бірте өзін-өзі сыйлауды жоғалтады: өзінің адамгершішік қасиеттерін жояды, психикасы қалыпты болмайды, достарынан, отбасынан айырылады, мамандық ала алмайды және қоршаған адамдарға, өзіне зиян келтіреді. Адам баласын тура жолдан тайдыратын, күллі өмірін тас-талқан ететін нашақорлық дерті халыққа, қоғамға, мемлекетке қауіп төндіретіні сөзсіз. Одан зардап шеккен тағдырлар қаншама! Енді олар өзінің бәз-баяғы өмірлеріне орала ала ма, орала алмай ма. Әрине, дер кезінде ес жиып, «адам» болып кеткендері де бар. Бірақ, бірақ… мұндай кеселдің шарбағына бір кірген соң, одан қашып құтыла алмайтының анық. Күндердің күнінде өзінің уытымен, шеңгелімен шырмап алары хақ. Не істемек керек? Оң-солын танып үлгермеген жастарды, ұрпақты сақтауымыз қажет.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда, есірткімен күресіп қана қоймай, оны болдырмаудың, алдын алудың жолдарын іздеуіміз керек. Нашақорлық қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары, нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол — сенің өмірің.
Құқық қорғаушылар есірткі жарнамасына қарсы күресті жалғастырып, осындай рейдтер мен акциялар тұрақты негізде жүргізілетінін атап өтті.

Бөлісу

Related posts

Шымкент қаласы: Еңбек Адамы- Қуаныш Сағналыұлы

AdiletTV

город Шымкент: есть ли способы искоренить насилие и жестокость?

AdiletTV

Шымкент тұрғынынан 30 келіге жуық қарасора тәркіленді

AdiletTV

Leave a Comment